Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында Экология департаментінің қызметкері ұсталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысындағы Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімі басшысы Сарқұлованың қылмысын әшкереледі. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті Экология департаменті экологиялық реттеу бөлімі басшысы Сарқұлова С.К-ның қылмыстық әрекетін тоқтатты”, – деп хабарлады Нұрлан Жахин.

“Күдікті заңды тұлағалардан жүйелі түрде пара алып отырған. Пара көлемі 20 мыңнан 300 мыңға дейін жеткен. Параның жалпы көлемі 500 мың теңгеден асқан. Сондай-ақ, Сарқұлова С.К. заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысқан”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талқылау