Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында Шрек лақап атымен танылған сотталушыны ұстады

Ақтауда 29 жастағы ұрлық жасағаны үшін сотталған азамат ұсталды. Ол түзеу мекемесінен қашып кеткен.

М.Бердиев “Еңбек-Ақтау” РММ-ге жұмысқа орналасқан. Лақап аты “Шрек”. Жұмыс мекемесі түрме сыртында орналасқан. 4 ақпанда сотталушы жұмыс орнын тастап, кетіп қалған. Ол бақылаушының жоқтығын пайдаланып, аймақтын шығып кеткен.

10 ақпан күні ГМ-172/8  мекеме қызметкерлері Ұлттық гвардия сарбаздарымен және облыстық полииция департаментімен бірлесіп іздеу жүргізді. Бердиев қаладағы ықшамауданның бірінде ұсталды.

Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Түзеу мекемесіне қайтып оралмағаны үшін ол екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау