Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында пойыз жолаушыларын аман алып қалған машинист марапатталды

Маңғыстау облысында машинист Арап Ағатаев ержүректік әрекет жасап, пойыз жолаушыларын құтқарып қалды. Оған осы батырлығы үшін теміржол саласының жоғарғы “Құрметті теміржолшы” марапатымен марапатталды.

00f4d8bd57683f0d8f70e475d3184afa

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Жолаушылар пойызы мен газ тасымалдаушы көлік соқтығысуы кезінде ол, жолаушыларының денсаулығы мен өмірін сақтап қала алды.

28 қаңтар күні 16.30-да №377 Маңғышлақ-Алматы бағытындағы пойызымен “№6 Маңғышлақ-Бейнеу разъездінде газ тасымалдаушы цистерна соқтығысады. Нәтижесінде локомотивтің бірінші секциясы зақымданғанн. Оқиға орынында автокөлік жүргізушісі қайтыс болып, машинистің көмекшісі зардап шеккен. Ал пойыз жолаушылары зардап шекпеген.

f719292bfdacb2e41cd78b74bc812f0e

Өрттен қашқан машинист Арап Ағатаев, тепловоз секциясының тіркеуін ағытып, сосын тепловоздың екінші бөлігін де босатып, пойызды қауіпсіз жағдайға жеткізеді. Локомотивті ауыстырып, жолаушылар әрі қарай сапарын жалғастырып межелі  жерге дейін аман-есен жетеді.

Осылайша машинист Арап Ағатаевтың жылдам әрі сапалы шешім қабылдауының арқасында бүкіл пойыз жолаушылар аман қалды.

Талқылау