Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда шенеунік 10 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Маңғыстау облысында МКД басшысы орынбасарының пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысында МКД басшысы орынбасарының пара алғаны әшкереленді (видео)

МҚІСЖҚКА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлерімен Маңғыстау облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары ұсталды.

Ол азаматтан құжаттардың салықтық тексерісі актісі бойынша салық сомасын төмендету үшін жалпы сомасы 10 млн теңге көлемінде пара алған.

Сонымен қатар пара берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер сот санкциясымен тұтқындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау