Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында екі ер адамды атып кетті

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы елді мекендердің бірінде екі ер адамды атып кетті. Салдарынан оқ жарақатын алған екеуі ес жимастан көз жұмды.

Маңғыстау облысында екі ер адамды атып кетті

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 14 қаңтарда орын алған.

«Сағат 20:10 шамасында Мұнайлы ауданының кезекшілік бөліміне қоңырау түсіп, оқ жарақатын алған екі адамның облыстық ауруханаға түскені хабарланды. Олар ес жимастан қайтыс болған», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция мәліметінше, аталған  факті ҚР ҚК 99-бабына (Қасақана адам өлтіру) сәйкес тіркелді. Екі күдікті қолға түсіп, қатысы бар тағы басқа адамдар анықталды. Оларды тұтқындау шаралары қабылданды.

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау