Маңғыстау облысы, Жаңаөзенде тұрғыны төртінші қабаттан секіріп кеткен.
Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінің жанынан жоғарыдан құлаған белгілермен жас әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ЛАДА.kz.
Алдын ала деректер бойынша, жергілікті тұрғын өз-өзіне қол салған.
Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын «Самал» шағынауданындағы үйлердің бірінің маңындаболған. Әйелдің мүрдесін жолдан өтіп бара жатқан адамдар көріп, «102» телефонына қоңырау шалған екен.
Оқиға орнына шыққан тергеу-жедел тобы оның «Рахат» шағынауданының тұрғыны екендігін анықтады. Сондай-ақ 32 жастағы әйелдің 4 қабаттан секіріп кеткені белгілі болды.
Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.