Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі толғағы қысқан жолаушыны вагонда босандырды

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі Ақмарал Өтепова пойызда жолаушы әйелді қалай босандырғанын айтып берді.

22 жастағы келіншектің жүктілігіне 8 ай болған, деп жазады Лада.

«Мен әдетте барлық вагонды тексеріп, ішімдік ішуге болмайтынын ескертемін. Түнгі уақытта жолсерік келіп бір жолаушының толғағы басталғанын айтты. Мен пойыз машинисіне хабарладым. Сайотес стансасына полицей мен акушер шақырдық», – дейді Ақмарал Өтепова.

«Стансада емхана да, жедел жәрдем қызметі де жоқ екен. Жолаушының бұл алғашқы босануы екенін сұрап білдік. Жас акушер мен фельдшер оны босандыруға қорқақтады. Сосын акушер мен жолаушыны пойызда қалдырып Бейнеуге дейін жеткіземіз деп шештім. Жолаушылар арасында психолог-дәрігер Айшагүл Жұмағалиқызы келіп көмектесті. Жанымда өзімнің сіңлім дәрігер акушер бар еді. Жолаушы жол бойында есінен танып, қысымы көтеріле бастады. Екі жарым сағат оның есін жинауға көмектестік. Телефон арқылы гинекологпен сөйлесіп, кеңес алдық», – дейді бригадир.

Түнгі 01:30-да әйелден су кете бастаған. Ақмарал Өтепова ол кезде  акушерлермен бірге баланы босандыруға дайын отырған.

«Вагон ішін реттеп, ақ халат киіп, ақ төсемшелерді жауып, медициналық қолғабымызды кидік. Осылайша қыз бала өмірге келді. Ол жыламай туды. Біз қорқып кеттік. Құдайға жалбарынып, сәбидің құйрығынан шапалақтадым. Бала жылап жібергенде жолаушылар, бәріміз қуанып кеттік. Вагон жолаушылары қол шапалақтап кетті», – дейді Ақмарал.

Босанған соң екі сағаттан  кейін пойыз Бейнеу сатансасына жетті. Жас ана мен баланы жедел жәрдем қызметі күтіп алған. Бала 2150 келі, бойы см болып туды.

«Жас ана мен баланы 17 қараша күні перзентханадан шығарды. Ал, маған кіндік шешесі бол деді. Қыз балаға Айша деп ат қойғысы келіпті. Бірақ менің құрметіне Ақайша деген есім берді. Мұндай жайтты өмірімде бірінші рет басымнан өткердім», – дейді Ақмарал Өтепова.

Ақмарал Өтепованың өзі екі баланы анасы.

Тағы да оқыңыз:

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Талқылау