Маңғышлақ-Алматы пойызында босанып қалған келіншек сәбиінің есімін дәрігердің құрметіне қойды

Алматыдағы «Алматы-1» темір жол вокзалында босанып қалған келіншек перзентханадан шықты. Оның қызының есімі дәрігердің құрметіне қойылыпты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Маңғышлақ-Алматы пойызында босанып қалған келіншек сәбиінің есімін дәрігердің құрметіне қойды (фото)

Жас ана Сажида Мәлікованы Шымкенттен алып келген туыстары оны перзентханадан шығарып алуға келген.

«Ұлым тұңғыш қызын шығарып алуға келе алмады. Ол әскери бөлімде қызмет етеді. Сәбидің есімін Саида деп, келінімізді жүктілік кезінде бақылап жүрген дәрігердің құрметіне қойдық. Біздің Сажидамыздың босануына дер кезінде көмектескен пойыз қызметкерлері мен медициналық қызметкерге  алғыс білдіреміз. Бір қызығы, келініміз қорықпаған және жеңіл босанды», – дейді Сажиданың енесі Гүлжамал Шәбілова.

Алматыдағы №4 перзентхананың дәрігерлері Сажида мен сәбиінің денсаулығын 7 күн бойы бақылаған. Дәрігерлердің сөзінше, жас анаға тиісті медициналық қызмет көрсетілген.

«22 жастағы Сажида сәбиін Маңғышлақ-Алматы пойызында босанды. Ол өзі Шымкенттен келген. Ондағы дәрігерлер келіншектің бауыры мен бүйрегінің талдаудағы көрсеткішіне байланысты, оны Алматыдағы ана мен бала орталығына жіберген. Оның босану мерзімі 15 шілдеге сәйкес келеді деп жоспарланған. Ұзақ жол салдарынан толғағы басталған болуы керек. Шұғыл жағдай болғандықтан, бізге жеткізілді. Сәбидің дені сау. Сонымен қатар анасының жағдайы да қалыпты. Ол тексеруден өтті, талдау нәтижелері қанағаттанарлықтай», – дейді №4 перзентхананың бас дәрігерінің орынбасары Зияда Донбаева.

Маңғышлақ-Алматы пойызында босанып қалған келіншек сәбиінің есімін дәрігердің құрметіне қойды (фото)

Туыстары Сажида мен сәбиі перзентханадан шығарылғаннан кейін, бірден Шымкентке алып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушылардың бірі өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. 9 шілдеде № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызының жолсеріктері Шымкенттен Алматыға келе жатқан Сажида Маликова есімді жолаушыны босандырып алған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар