Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мәңгүрттер білмейді": Төреғали баланың аузына түкіру салтын түсіндірді

Басы даудан арылмайтын Төреғали бүлдіршіндердің аузына түкіремін деп тағы сынға қалған еді. Көпшілік мұның санитарияға қарсы екенін әрі ерсі көрінетінін айтып шүйліккен еді. Алайда Ұлы дала баласының көпшілікке берер жауабы дайын. 

Төреғали Төреәлі

Бұл туралы Stan.kz "Хабар" арнасының "Қызық times" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші не себепті даулы оқиғалардың ортасында жүретінін түсіндірді. 

"Неге мен түсіп қала беремін? Аңшылар қақпанды қоянға не болмаса түлкіге қоймайды ғой. Қасқырға қояды. Қасқыр не істейді? Оған түсіп береді. Түсіп қалам да, үнімді шығармай жатам сол жерде", - дейді Төреш.

Ал баланың аузына түкіру - атам заманнан келе жатқан ырым, дейді Төреәлінің ұлы. Өнер иесінің айтуынша, салтты орындап берші деп өтініш жасайтын ата-аналар көп екен. 

"Сенің балаңның аузына мен түкіріп берейін деп айтпаймын ғой. Болмаса мен көшеде тұрып түкірмеймін ғой. Ол нәрсені кім білмейді? Біздің қалада жүрген мәңгүрт қазақтар білмейді.

Көзге дұрыс көрінбейтін шығар мүмкін. Қалай көрінгенде де өзінің ата тегіне, шыққан негізіне зейін қою керек. Болмаса неге түкіріп жатыр деп жаланың бәрін маған жаппай кішкене үңіліп қарау керек", - дейді Төреғали.
Әнші қазақтың салт-дәстүрінен бейхабар жандарға ақылын да айтты. Ол білмеген жағдайда, көмекке келетін google бар деп әзілдеді. 

"Тым болмағанда Google-ға жазса шығады ғой. Баламның аузына түкіре қойшы дейді, не түкірігіңді аяйсың ба не сонда? Түкірмесең, көңілі қалып кетейін деп тұр ана адамның. Сондай ырымшыл халықпыз ғой. Ырымшылдық деген жаман нәрсе емес. Біз ниеттенеміз бірнәрсеге, осыған ұқсаса екен деп", - деген Төреғали есейгенге дейін өзінің де аузына талай айтыскер, жыршылардың түкіргенін атап өтті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр