БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстауда өткен келіндер парады желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Маңғыстау облысы Жыңғылды ауылында қазақ дәстүрін ұлықтайтын іс-шара өтті. Бұл жарыста 300 келін бақ сынаған. Келіндердің саны әлеуметтік желі қолданушыларын таңқалдырды деп хабарлайды  Lada.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Маңғыстау облысында «Мен әйелімін, Әлемнің анасымын» атты тақырыпта  өткен іс-шараға аналар, қыздар, немерелер мен әжелер қатысты. Барлығы 300 әйел.

"Қызға дұрыс тәрбие беру өте маңызды! Анадан қызға ұлттық рухани кодымыз, жеке басымыздың коды, өміріміздің коды беріліп, сақталып қалғаны. Біз, әйелдер, «қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» деген ұранмен өмір сүруіміз керек. Қазіргі жиі еститін сөзіміз: «бұл сіздерлің кездеріңде осндай болған, бізге қажет емес, еуропадағыдай өмір сүру керек». Тоқтаңыз. Еуропадағадай дамып кетуіміз мүмкін, бірақ ұлттық құндылықтарымзды, әдет-ғұрпымызды, барлық маңызды дәстүрлерімізді мемлекет ретінде сақтап қалуымыз керек", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі төрайымы Сәуле Салихова.

Әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарын аудартқан бұл парадтың қайда өтіп жатқанын көпшілігі сұраған.

"Қандай ғажайып рухани іс-шара", - деп пікір қалдырған.

Іс-шарада үлкен әйелдерден бастап жас келіндерге, ерке қыздарға, немерелерге  көптеген алғыс сөздер айтылды. Әжелер жастарға өз  тәжірибесі мен білгенін үйретті. Олар қыздарды тоқу, пісіру, және тағы басқалар дүниелерді үйреткен.

"300-ден астам әже, аналар мен қыздар бар! Бүгін Жынғылды  қаласындағы әйелдердің бәрі осында. Бұл рухани, жан-жақты жылулық пен  әсемдікке толы іс-шара болды! Ауылдың осындай атмосферасы мені шабыттандырды",- деп өз таңданысын іс-шараға келген қонақтар жасыра алмады.

Ұйымдастырушылар осындай іс-шараны Ақтауда өткізуді жоспарлап отыр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Түзел апайымызға ду қол шапалақ 👏👏👏

Публикация от Мен - әйелмін 🌺 (@men_jarykpyn_zhyngyldy)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр