Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстауда басқарма төрағасының қоластындағы әйелге сексуалдық алымсақтық жасағаны рас па? Полиция жауап берді

Маңғыстау облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының төрағасы Рамазан Саттыбаевтың өзінің қоластындағы әйелге сексуалдық алымсақтық жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы саяси сарапшы Ербол Еділов Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Маңғыстауда басқарма төрағасының қызметкер әйелге сексуалдық алымсақтық жасағаны рас па? Полиция жауап берді

«Кей дереккөздің мәліметінше, Маңғыстау облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Рамазан Саттыбаевтың үстінен өзіне бағынышты ұйымда жұмыс істейтін әйелден Маңғыстау облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне «сексуалдық алымсақтық» туралы шағым түскен. Ол облыстық полиция департаментіне жіберіліпті», - деп жазды Еділов.

Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер бұл оқиғаны жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде мұндай ақпараттың тарап жатқаны рас. Бірақ бұл іс факті ретінде тіркелген жоқ. Яғни таралып жатқан ақпарат жалған», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллақызы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр