Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәңгілік сүйсінуге тұрарлық": Әлемге әйгілі журнал Димаштың суретін мұқабасына шығарды (фото)

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті әлемге әйгілі Starbox журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Димаш Құдайберген тағы бір танымал журналдың мұқабасынан көрінді. Бұл жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

Суретті көрген желі қолданушылары өз кезегінде оның қатты ұнағанын жарыса жазып жатты.

«Ең қарапайым, ең жақын, ең талантты, ең еңбекқор жан», «Өте сымбатты жігіт! Нью-Йорктен сәлем», «Сіз жүрегімізді жылытып, әлемге нұрын шашатын ең сымбатты жігітсіз», «Димаш әдеттегідей сымбатты, ал көзқарасы ақылды және ойға толы», «Көзқарасын айтсаңшы, бізді жансыз еттіңіз ғой», «Көз алмай қарай бергім келеді немесе бір өліп тірілдім сериясындағы сурет қой! Мәңгілік қарап сүйсінуге болады» деп жазды желі қолданушылары.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

STARBOX magazine.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Естеріңізге сала кетсек, Димаш 2017 және 2018 жылдары аралығында ең сымбатты 100 адамның қатарына енген болатын.

Талқылау