Мәңгі есімдесің: Жақынынан айырылған Нұртас Адамбай жантебірентерлік жазбасымен елдің көңілін босатты

Актер әрі кинорежиссер Нұртас Адамбай жақынынан айырылғанын хабарлап, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Мәңгі есімдесің: Жақынынан айырылған Нұртас Адамбай жантебірентерлік жазбасымен елдің көңілін босатты

“Бүгін түнде менің ең жақын досым, үлкен ағам, қашанда мені түсінетін адам Бауыржан Оралбеков өмірден озды. Баке, бұл қалай? Бұған ешкім сене алмайды.

Мәңгі есімдесің. Екеуміздің әңгімеміз, маған берген кеңестерің, күлкің, “келші өтінем”, “шақырсаң болды” деген сөздерің… Екеуміз соңғы рет көріскенде: “Бақыттысың ба?” деп сұраған едім. Қанша жыл бойы дос болып жүріп, неге екенін осы жолы бақыт жайлы сұраппын. Бақыттымын дедің. Сенің достық жайлы айтқан сөздерің есімде, бұл жүректен шыққан сөздер еді…

Бауырым, бұл қалай болғаны? Алдағы демалыста саған қонаққа бармақшы едім, енді сені шығарып салуға барамын. Сенімен таныс болған адамдардың барлығы ашық әрі жарқын адам екеніңді біледі, бауырым. Отбасыңа, балаларыңа, ата-анаңа, барлық жақындарың мен достарыңа қайғырып көңіл айтамын. Қазір осыны жазып отырып та сене алар емеспін”, – дейді кинорежиссер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар