Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Евгений Плющенко Астанада қазақша еттен дәм татты

Танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада чемпионы Евгений Плющенко алғаш рет Қазақстанға ат басын тіреді. Бұл туралы Астана қалалық мәдениет басқармасы хабарлайды.

photo_189118

Олимпиада чемпионы өзінің продюсері Яна Рудковскаямен бірге Астанаға “Қар королі-2. Қайта оралу” шоуына қатысу үшін келді. Астана күні қарсаңында Плющенко қазақстандық көрермендер алдында 6 мәрте өнер көрсетеді.

74df00799f24cb14fac358eff45f4e43

“Қазақстанға жасаған алғашқы сапарының аясында спортшыға қазақ ұлттық асханасының дәмі ұсынылды. Евгений Плющенко алғаш рет бешбармақ пен шұбаттан дәм татты”, – делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетсек, Евгений Плющенконың бастауымен әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары “Қазақстан” спорт сарайында 4,5 және 6 шілде күндері өнер көрсетеді. Андерсеннің “Қар ханшайымы” ертегісінің желісі бойынша құрылған “Қар королі-2. Қайта оралу” шоуына Ирина Слуцкая, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа және Дмитрий Суханов, сондай-ақ, Сергей Якименко және Ирина Усенко, Екатерина және Александр Честныйлар қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

166a16cb50889128f33103aaf1282250

Шоуға қатысушылар мәнерлеп сырғанау элеметтерінен құралған бағдарламаға, цирк көрсетілімдері мен иллюзияға куә болады. Сонымен қатар, қонақтар алдында гимнасттар ерекше трюктер орындайды.

“Қар королі-2. Қайта оралу” шоуы Астанада әлемдік турне аясында қойылады. Шоудың премьерасы Мәскеуде көрермен назарына ұсынылған. Алдағы уақытта Евгений Плющенко АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапонияға барады.

Талқылау