Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мән-жайы белгілі болды: Қазақстандық студент мәскеулік ЖОО-ның оқытушысын дәретханада пышақтап тастаған

29 маусымда Мәскеудегі Бауман атындағы ММТУ-де қазақстандық студент 28 жастағы оқытушыға пышақпен шабуыл жасаған.

Мән-жайы белгілі болды: Қазақстандық студент мәскеулік ЖОО-ның оқытушысын дәретханада пышақтап тастаған

Бұл туралы МК басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға 29  маусымда ЖОО ғимаратының 4-қабатынжағы дәретханада орын алған. Жасұлан есімді студент оқу орнының 28 жастағы оқытушысы Александр Дмитриевке шабуыл жасаған. Айта кетсек, студент жүйелі түрде сабақтардан қалып, оқу ақысын төлемегендіктен, оқудан шығарылған.

Жас жігіт оқытушыны дәретханада аңдып тұрып, пышақ сұғып алмақ болған. осы кезде дәретханаға талапкер кіріпті. Оның сөзінше, Жасұлан өзін біртүлі ұстаған. Оқытушы қолын жууға беттегенде, оның артынан Жасұлан мен талапкер келіпті.

Талапкердің сөзінше, ол дәретханадан бірінші болып шығып, ата-анасының жанына барған. Артынша дәретханадан Жасұлан жүгіріп шығыпты. Мұнан кейін шыққан оқытушы жараланған болған. Ол бір бүйірін ұстап шығып, сол жердегілерді көмекке шақырыпты.

Осыдан кейін Александрге әріптестері көмекке келіпті. Алайда ол өзіне кімнің шабуыл жасағанын айта алмаған. Себебі өзіне шабуылдаған адамды танымапты. Артынша ол есінен танып қалады.

Оқытушы ауруханаға  жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалған. Жаасұлан пышақпен оқытушының бауырын зақымдаған екен. Қазіргі уақытта ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Мұнан кейін Жасұлан жатақханаға бет алған. Полиция оны сол жерден ұстапты.

Жасұланмен бірге оқыған студенттердің сөзінше, ол қабілетті студент болған. Математикаға, физикаға қызыққан. Оқудың алғашқы жылында сабақтан қалмаған. Мінезі тұйық болғанымен, туған жері Байқоңыр туралы айтқанды ұнатады екен. Артынша ол мамындығын ауыстырған.

Алайда оқудың екінші жылында Жасұлан оқу орнына сирек келе бастаған. салдарынан ол оқудан шығарылыпты.

Басылым мәліметінше, әзірге қылмыс мотиві белгісіз. Жәбірленуші Жасұланмен байланыста болмаған әрі оның студенттің оқудан шығарылуына қатысы жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау