Мамытбеков халықтың мазасын қашырған жер мәселесіне қатысты ойымен бөлісті

Сейсенбі, 3 Мамыр , 2016 17:53

ҚР ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, жер туралы кодекске қатысты өз пікірін білдірді. Министр халықты лайықты түрде құлағдар етіп отыру үшін арнайы бақылау кеңесін құру керек деген көзқарасын айтқан.

35182

Сурет azh.kz

“Барлық азаматтарды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бірақ, соңғы кездері осы бірлікті бұзғысы келетін жағдайлар көрініс табуда”, – деп бастаған министр Фейсбуктағы жазбасында.

Мамытбеков бизнеспен айналысатын кез-келген адам инвестицияның қадірін білетінін, ал қазіргідей әлем қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан шақта шетелдік инвесторлардың көмегі ауадай қажет екенін атап өткен.

“Қазіргі жер туралы кодекс экономиканың аграрлық секторына инвестиция тартуды оңайлату үшін жасалған. Осы ретте әлеуметтік желілерде Австралияның өз жерін Қытай компаниясына “ұлттық қорқыныш” тұрғысынан қауіптеніп бермей қойғаны туралы ақпарат жүр. Осы арқылы либералды мемлекет Австралияның өзі сатудан бас тартқан, ал біз ше деген сауалды тықпалайды. Бұл ретте АҚШ, Ұлыбритания, Германия туралы ешкім айтпайды”, – дейді министр.

“Әңгіме S. Kidman & Co-ға тиесілі 370,7 млн австралия долларын құрайтын 11 млн гектар жер туралы. Компанияны Сидни Кидман құрып, сиыр етін тасымалдаушы ірі компанияға айналдырған. Осыдан кейін бірден инвесторлардың арнайы Australian Rural Capital консорциумы құрылған. Оның 80 пайызы Dakang Australia Holdings қытай қорына тиесілі. 20 пайызы австралиялық инвесткомпанияның еншісінде”, – деп атап өтті бас аграршы.

Австралияның Қытай компаниясына жерді сату туралы екіжақты келісімн қазір аталған елдің шетелдік инвестицияларды бақылау кеңесі қарастырып жатыр екен. Одан соң елдің қаржы министрі Скотт Моррисон да аталған келісімді екі шұқып, бір қарайтын көрінеді. Содан соң барып ғана шешім қабылдамақ. Десе де, министр әлеуметтік желідегі жазбасында Австралия жерді сатуға түбегейлі қарсы ел еместігін айтады. Жерді жалға беру де еш шектелмеген екен бұл мемлекетте.

“Біздің жер туралы заңымыз осыған ұқсас келісімдер кезінде өте қатаң талаптармен ұсынылады. Біздің заңымыз бойынша ауылшаруашылық жерлерінің шетелдіктерге сатылуына түбегейлі тыйым салынған. Ал жалға беру белгілі бір мерзімге есептеледі. Біздің азаматтарымыздың жер туралы уайымдарын түсінемін. Әрине, жер біздің анамыз секілді. Бұл тұрғыда бізге Австралиядағыдай шетелдік инвестицияларды бақылап отыратын кеңес (FIRB) құру қажет секілді. Бұл ел тұрғындарын ақпараттандырып, жүріп жатқан келісім туралы түсініктеме беріп отырады. Егер кім де кім ұсыныс жасағысы келсе, Ұлттық экономика министрлігінің жер ресурстары басқармасына өтініш білдіре алады”, – деді Мамытбеков.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар