Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамытбеков ет бағасын қымбаттатып жіберген алыпсатарларға тағы шүйлікті

Бұл жолы Ауыл шаруашылығы министрі мал бағып, етін арзан бағаға өткізуге мәжбүр болып отырған шаруаларға араша түсіп отыр. Өйткені, олар алыпсатарлардың кесірінен шығынға батқан. Енді еліміздің бас агрономы шектен шыққандармен ашық күреске шықпақ дейді КТК телеарнасы.

1443012639rzac7

Сурет today.kz

“Ішкі нарығымыздағы бағаның жартысына жуығының қосымша құны, бұл алыпсатарлардың үлесіне тиіп жатыр.Қазіргі уақытта сіз кез-келген дүкеннен ет сатып ала алмайсыз. Өйткені, бүкіл ет біздің базарымызда. Салық төленбей, ешқандай ветеринарлық-санитарлық бақылаусыз сатылып жатыр”, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Шаруалар базардағы ең өтімді сиыр етінің құны 600 теңгеден аспайтынын айтады. Ал, Астанадағы сауда орталықтарында сиыр еті 1200-1300 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, алыпсатарлар бағаны екі есеге көтеріп жіберген. Негізінен нарықтық баға 900 теңгеден аспау керек. Сондықтан, Мамытбеков сауда орталықтарын жаулап алған көлеңкелі бизнесті қалай да жоюды көздеп отыр. Ол үшін алдымен салық саясатына өзгеріс енгізбек.

Ауыл шаруашылығы министрі тіпті базардағы контрабандалық тауар мен азық-түлікті техникалық тексеруді өз құзыретіне өткізуді сұрап, Үкіметке ұсыныс жасапты. Ал, отандық фермерлер ішкі нарықта пайда аз болған соң, етті сыртқа сатуды қолға алмақ. Қазірдің өзінде Қытай, Америка, Италияның инвесторлары қызығушылық танытқан. Қытайлық кәсіпкерлер 200 миллион доллар қаржы құйып, Шығыс Қазақстанда мал асырауға кірісті. Кейін қазақ етін тонналап экспорттамақ.

Талқылау