Мамытбеков бірнеше облыстан әрекеті мафияға ұқсас топтардың былығын әшкереледі

Жұма, 19 Ақпан , 2016 22:38

Базарларды бақылайтын сол адамдар көкөністі қолдан қымбаттатып, отандық шаруалардың арзан өнімін қасақана кіргізбей отыр дейді Ауыл шаруашылығы министрі. Өз тұтынушыларының қолы жетпей отырған өнімге енді Қытай көз тігіп отыр. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлады.

maxresdefault

Сурет www.youtube.com

Бір қызығы, көкөністен бөлек көрші елге тонна-тонна етті тасымалдауға кезінде пара алды деп шатылып, кейін ақталған Мақсұт Бақтыбаев көмектеспек. Бұл экс-шенеунік кезінде Мамытбековтың қарамағында істеген болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің былтырғы жылды қортындылаған жиынында Асылжан Мамытбеков әңгіменің басын әбден титықтатқан мәселеден бастады. Өйткені, отандық фермерлер үшін бүгінде ішкі нарыққа кіру мұң. Бас агрономның айтуынша, шаруалар жұртты арзан азық-түлікпен қарық қылар еді, бірақ базарларды жасырын билейтін топтар бар екен. Ым-жымы бір монополистер бағаны да қолдан қымбаттатып отыр.

“Оңтүстікте 500 теңгеден сата алмай отыр қиярды. 500 теңгеден сатса, қуанады. Ал, мына Қостанайды 1.500 теңгеден қияр тұр. Ал, келісін тасымалдау шығыны 20 ғана теңге. Өйткені, ол жерде бизнес жұмыс істемейді. Бәрі жабық түрде, бір-бірімен тез келісе алатын кәсіпкерлер жұмыс істейді. Кәсіпкер деп айтуға да болмайды”, – деді министр.

Есесіне бұл экологиялық таза өнімдерге Қытай көз тігіп отыр. Жақын күндері Қазақстан Қытайға қайта ет те тасымалдамақ. Мамытбековке ет экспорты жағынан Мал шаруашылығы департаментінің экс-директоры көмектеспек. Қымбат көлігінде ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталып, кейін 3 жылға шартты түрде сотталған Мақсұт Бақтыбаев қазір агробизнеспен айналысатын қырықтан астам компанияны басқарады екен.

“Қазір Қытайға ет тасымалдау үшін келіссөздер жүріп жатыр. Жақында қытайлық инспекторлар біздің шаруалармен кездесіп, мал ұстайтын жерлерді, еттің сапасын тексереді. Сосын шекара ашылады. Сұраныс та жоғары болмақ”, – дейді Қазақстан ет қауымдастығының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев.

Осылайша, экс-шенеунік, бұрынғы жұмыс орны Ауыл шаруашылығы министрлігімен байланысты үзбепті. Енді ет қана емес, еліміздегі астықтың да басым бөлігі Қытайға экспортталмақ. Көршілерімізге бүгінге дейін 150 мың тоннадан артық астық тасымалдай алмайтынбыз. Өйткені, Қытайдың фитосанитарлық талабы бойынша бидайды аузы тігілген қапқа салып тасымалдау қажет еді.

“Енді қапшыққа салмай, вагонға немесе контейнерге тиеп сатуға мүмкіндік бар. Және екіншіден олар Қазақстанға квотасын көбейтті. Биыл 500 мыңға дейін, ары қарай миллион тоннаға, одан ары жоғарылай көбейтеміз деген уәдесі бар”, – дейді министр Асылжан Мамытбеков.

Жалпы, былтыр Қазақстаннан 5 миллион тоннаға жуық астық экспортталыпты. Осы орайда премьердің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары санкциядан көз ашпай отырған Ресейдің де нарығын тиімді пайдалануды тапсырды.

“Біз осы сәтті пайдалануымыз қажет. Ресейде өткен жылы сиыр, тауық, шошқа етінің импорты 40 пайызға төмендеді. Сондықтан, сол жағымыз бен оң жағымыздағы алып көршілеріміз бізге үлкен мүмкіндік беріп отыр”, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасар Бақытжан Сағынтаев.

Сағынтаев отандық кәсіпкерлер халал тауар өндірісін де шұғыл игеріп, әлемдік нарыққа шығу керек деп отыр.

Сондай-ақ, бүгін ауыл шаруашылығына берілетін субсидия да сөз боды. Осы күнге дейін қазына қаржысын жергілікті шенеуніктер өз беттерінше үлестіріп келген. Енді талап күшеймек. Мамытбеков салалық субсидияны атымен алып тастамақшы. Ал, көктемгі егін науқанына келсек, диқандарға деп бюджеттен 60 миллиард теңге бөлініпті. Бұл ақша тұқым мен жанармайға жұмсалады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Не болды,министр мырза,Американы ашкандай боп отырсыз.Бул баягыдан белгили нарсе гой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар