Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мамыр айында қар жауды (видео)

ШҚО-ның Риддер қаласында тағы да қар жауып, ауа температурасы нөлге дейін төмендеді. Риддер тұрғындары осылайша мамыр айында бола бермейтін құбылыстың куәсі болды.

Мамыр айында ШҚО-да қар жауды

Жапалақтап жауған қарлар әлі толығымен жарылмаған жапырақтар мен жасыл шөптердің бетін басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Устинк LIVE-қа сілтеп.

Сондай-ақ, көппәтерлі үйдің аулаларын, таулар мен шыршалардың басын қар басып қалған. Ал көшедегі термометрлер қаладағы бүгінгі ауа температурасының 0 градусқа дейін төмендегенін көрсеткен.

Айта кетейік, ШҚО-да мамыр айындағы барлық мерекелерде ауа райының салқын болатыны болжанған. Мысалы, кеше Шемонаиха ауданының Ақтас ауылында бұршық жауды. Ал Сибин көлінде таңертеңнен бастап қар жауып жатыр екен.

Тағы оқыңыз: 

Астанада 11 жасар жасөспірімдер бес қабатты ғимараттың төбесіне шығып ойнаған

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Аймағамбетов: ҰБТ-ның жауаптарын болжау мүмкін емес

Жолаушы ала кетпекші болған Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қалды

Талқылау