Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамыр айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz мамыр айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

ьолш

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

«Құдайдың сауыт-сайманы: Қазына іздеу»

Жанры: Боевик
Режиссері: Стэнли Тун
Рөлдерде: Джеки Чан, Аариф Ли, Чжан Исин, Сону Суд, Мия Муци, Диша Патани, Амира Дастур, Чжан Голи, Ху Мин
Мемлекеті: Үндістан, Қытай

Джеки Чанның әйгілі «Құдайдың сауыт-сайманы» атты фильмі өз жалғасын тауып келеді. Осы уақытқа дейін аталған туындының үш бөлімі түсірілген-ді. Бұл жолы оқиға Қытайда ғана емес, Үндістан шекарасында өрбімек. Голливудтық жұлдыздармен жиі фильмге түсетін актер бұл жолы болливудтық әріптестерін жобаға шақырған екен. Фильмде археолог профессор Тибетте қазына іздеу үшін жас үндістандық мамандармен бірігеді. Қазақстандық кинотеатрлардан 11 мамырдан бастап көре аласыздар.

22608612-946831

«Үлкен»

Жанры: Драма
Режиссері: Валерий Тодоровский
Рөлдерде: Алиса Фрейндлих, Валентина Теличкина, Александр Домогаров, Николя Ле Риш, Маргарита Симонова
Мемлекеті: Ресей

Ауылдан келген жас қыздың түрлі қиындыққа тап болатыны сөзсіз. Мұндай сюжет отандық «Ғашық жүрек» фильмінде де өрбіген болатын. Бірақ, бұл туындыда басты кейіпкер ән айта алатындығын емес, өзінің би билей алатындығын дәлелдейді. Осы жолда түрлі қиындыққа тап болады. Қазақстандық кинотеатрлардан 11 мамырдан бастап көре аласыздар.

Emilia-Clarke-Voice-From-The-Stone

«Тастан шыққан үн»

Жанры: Триллер
Режиссері: Эрик Хауэлл
Рөлдерде: Эмилия Кларк, Мартон Чокаш, Катерина Мурино, Ремо Джироне, Кейт Линдер, Лиза Гастони, Эдвард Дринг
Мемлекеті: АҚШ, Италия

Әйел психолог өзінің қаралушысынан оғаш мінез-құлық байқай бастайды. Бір күні әлгі науқастың жаны психологтың тәніне қонбақ болады. Маман тылсым күштер әлемінен бейхабар болса да, өзіне бір қастандық жасалғалы жүргенін сезіп қояды. Осы орайда, өзінің ұлымен қосылып қара күш иелерімен күреседі. Қазақстандық кинотеатрлардан 11 мамырдан бастап көре аласыздар.

0603171517121

«Қызы мен оның анасы»

Жанры: Комедия
Режиссері: Джонатан Левин
Рөлдерде: Голди Хоун, Айк Баринхолц, Кристофер Мелони, Эми Шумер, Рэндолл Парк, Ванда Сайкс
Мемлекеті: АҚШ

30 жасқа келген Эмилиді жігіті тастап кетеді. Бұдан кейін ол өзімен бірге Эквадорға баратын жолсерік іздей бастайды. Ақыры анасын көндіреді. Демалу үшін барған анасы мен қызын белгісіз біреулер ұрлап әкетеді. Осы тұста олардың бір-бірін қаншалықты жақсы көретіндері анықталады. Бірақ, басты қиындық – джунглиде тірі қалу. Қазақстандық кинотеатрлардан 11 мамырдан бастап көре аласыздар.

mech-korolya-artura-2017-11

«Артур патшаның семсері»

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Гай Ричи
Рөлдерде: Чарли Ханнэм, Аннабелль Уоллис, Эйдан Гиллен, Эрик Бана, Джуд Лоу
Мемлекеті: Ұлыбритания, Австралия, АҚШ

Жас Артур Лондиниум аймағында қоныстанады. Ол өзінің атақ-даңқын пайдаланғанды ұнатпайды. Бұл туралы, тіпті, ойланбайды. Бірақ, тағдыр тәлкегімен сиқырлы Экскалибур семсерін қолға түсіреді. Осыдан кейін Артурдың өмірі түбегейлі өзгеріп, Вортигерн жауыздан қарапайым халықты құтқармақ болады. Ол Артурдың ата-анасын өлтіріп, тәжді иеленген екен. Қазақстандық кинотеатрлардан 11 мамырдан бастап көре аласыздар.

maxresdefault

«Уолл-стриттен келген аңшы»

Жанры: Драма
Режиссері: Марк Уильмс
Рөлдерде: Элисон Бри, Джерард Батлер, Уиллем Дефо, Дастин Миллиган, Альфред Молина, Гретхен Мол, Кэтлин Манро
Мемлекеті: АҚШ, Канада

Леонардо Ди Каприо басты рөлдердің бірін сомдаған «Уолл-стрит қасқыры» фильмі көпшіліктің есінде болар. Енді Лео мырзаның рөлін Джерард Батлер алмастырмақ. Қазақстандық кинотеатрлардан 18 мамырдан бастап көре аласыздар.

0009

«Қауырсынды үштік»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Тоби Генкель, Реза Мемари
Мемлекеті: Люксембург, АҚШ, Норвегия, Германия, Бельгия

Ричи қарға өзін тырналардың қатарына қосып жүр. Себебі, оны кішкентайынан тырналар бағып келеді. Африкаға қоныс аударатын уақыт келгенде, оның отбасы шындықты айтуға мәжбүр болады. Оның ұзақ сапарға шыдамайтыныдығын білгендіктен орманда жалғыз өзін қалдырады. Осыдан кейін Ричи барша әлемге өзінің тырна екенін дәледемек болады. Жалғыз өзі Африкаға сапар шегеді. Өзімен бірге Ольга мен Кики есімді достарын ала кетеді. Ричи арманына жете ала ма? Қалай ойлайсыз? Қазақстандық кинотеатрлардан 18 мамырдан бастап көре аласыздар.

Kogda-vyydet-Piraty-Karibskogo-morya-5-Mertvecy-ne-rasskazyvayut-skazki-data-vykhoda

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлген адамдар ертегі айтпайды»

Жанры: Хикая
Режиссері: Хоаким Роннинг, Эспен Сандберг
Рөлдерде: Джони Депп, Кая Скоделарио, Орландо Блум, Хавьер Бардем, Стивен Грэм, Дэвид Уэнэм
Мемлекеті: АҚШ

Капитан Джек Воробей қайта оралды! Теңіз қарақшыларының хикаялары бұрынғысынан да еліктіре түспек. Бұл жолы қарақшылар аңыз кейіпкерін ұстап алмақ болады. Әлгі аңыз кейіпкері жер бетіндегі барлық суды басқарады. Яғни оны ұстаған жағдайда баршы билікті қолға алуға болады. Бірақ, оны қолға түсіруге Джек Воробей мырзаның қас жауы Капитан Салазардың ғана күші жетеді. Қазақстандық кинотеатрлардан 25 мамырдан бастап көре аласыздар.


Жіберіп алмаңыз:

Тоққа түсіп қалған дизайнер Жадо жұртты шошытты (фото)

Айқын мен Жұлдызға қатысты әріптестері өз ойларын ашық айтты

 Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісі Баян Есентаеваға арнап сусын шығармақ

Мұрат Қожаның жас келіншегі әншіге қыз сыйлады

Талқылау