Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тележүргізуші артық салмақтан арылудың формулаларын ұсынды

Артық салмақ – көптеген қыз-келіншектердің басты проблемасы. Семіздікке душар болған әйел өзін өзгеден кем сезініп, оның бойында “комплекс” пайда болады. Тіпті, өзін бақытсыз сезінуі мүмкін. Бұл орайда Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға артық салмақтан арылу жолдарын ұсынады.

“Қазақстан” Ұлттық арнасындағы “Бақытты әйел” бағдарламасының жүргізушісі Мақпал Қаратайқызы да артық салмақтан арылғысы келетін келіншектердің қатарында. Мақпал – үш баланың анасы. Артық салмақтан арылғысы келген ол эфирге арнайы диетолог маманды шақырып, ақпан айында арықтау марафонын бастаған-ды. Ол маманның кеңесі бойынша дұрыс тамақтану режіміне көшіп, бір айда 7 келіден аса салмақ тастағанын айтады. Бірақ қалай? Бұл сұраққа жауап алу үшін төмендегі сызбанұсқаға назар аударыңыз.

1. Мақсат қою

Артық салмақтан арылғысы келген адам ең алдымен, нақты мақсат қоюы керек. Мәселен, тура бір айдан кейін 1 мамыр мейрамы деп ойлаңыз. Мерекеге дейін қанша келіден арылғыңыз келеді? Сол санды жазып қойыңыз.

2. Бүгіннен бастау

Еріншектің ертеңі бітпейді! Сондықтан расымен де артық салмақтан арылғыңыз келсе, дәл қазір арнайы құралдың көмегімен салмағыңызды өлшеңіз.

3. Сіздің бойыңызға сай келетін салмақ дәрежесін анықтау

Ол үшін алдымен қазіргі салмағыңыз бен бойыңызды жазып қойыңыз. Бұдан кейін бой өлшеміңізге 3 санын қосу қажет. Мәселен, Мақпал Қаратайқызының бойы – 165 сантиметр, салмағы – 84 келі.

165+3 = 168

Бұл жердегі қосынды қалыпты жағдайдағы адамның ең жоғарғы салмағын көрсетеді, яғни 68 келі – Мақпал Қаратайқызы үшін салмақ шыңы болуы тиіс.

Ең төменгі салмақты анықтау үшін алғашқы қосындыдан 14 санын алып тастау шарт. Біздің мысалға сәйкес, 168-ден 14 санын шегереміз.

168-14=54

Яғни, диетологтың айтуынша, бұл жағдайда кейіпкердің салмағы 54 келі мен 68 келі арасында болуы керек. Бұл ретте маман айына шамамен 5-6 келі салмақ тастауға болатынын айтады.

4. Күнделікті тұтынытан колорий көлемін анықтау

Ол үшін салмағыңыз бен бойыңызды, оған қоса жас мөлшеріңізді арнайы формулаға саласыз.

650 + (6,9*84) + (1,8*165) – (4,7*38)= 1348

Бұл жердегі 84 – кейіпкердің салмағы, 165 – бойы, 38 – жас мөлшері. Яғни сізге қажетті калорий мөлшерін анықтау үшін осы сандардың орнына өз көрсеткіштеріңізді жазып, есептейсіз. Бұдан кейін шыққан санды аз қозғалатын жандар 1,2 санына, ал үнемі қозғалыста жүретін жандар 1,8-ге көбейтуі керек. Мақпал Қаратайқызы артық салмақтан арылу үшін алғашқы нұсқаны таңдады:

1348*1,2= 1617,6

Бұдан шыққан сан өзіңізді қалыпты сақтау үшін күнделікті тұтынатын калорий мөлшері. Ал артық салмақтан арылу үшін дәл осы санды 20%-ға кемітесіз. Біздің жағдайда, нәтиже 1294 калорийге тең.

5. Күнделікті тұтынатын су мөлшерін анықтау

Ол үшін адам салмағын 30 санына көбейтуі қажет.

Біздің жағдайда 84*30= 2520 (яғни 2, 520 литр)

Диетолог маманның айтуынша, осы режімді ұстанып, уақытылы тамақтанып, ұйқы режімін қалыпқа келтірген адам денсаулығына ешқандай зиян тигізбей, тез арықтайды. Әсіресе, мамандар міндетті түрде таңғы астан бас тартпау керектігін айтады. Себебі адамның күні бойы өнімді жұмыс істеуі таңғы асқа байланысты, дейді диетолог. Сондай-ақ, артық салмақтан арылып, денсаулығын қалыпқа келтіргісі келген адамның спортпен шұғылданғаны жөн.

Жіберіп алмаңыз: 

Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

Министр тегін берілуі тиіс дәріге мұқтаж науқастарға хабарласып, сатып алғандарын анықтады

Зиянды сүттер сатылымда: Сүт өндірушілер қазақстандықтарды алдап келеді

Қорылдаған адам ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін

Талқылау