Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар жылқының адам көңіл-күйін қас-қабағына қарап сезе алатынын анықтады

Британдық ғалымдар 28 жылқыға алғаш рет зерттеу жүргізіп,  жылқының адамның қуанышты кезі мен ашулы күйін қас-қабағына қарап біле алатынын анықтады.

x_ef59237c

Олар 28 жылқыға әр түрлі көңіл-күйдегі адамдардың суретін көрсеткен.Жылқылар ашулы күйдегі адамның суретіне  сол көзімен қараған. Бұл теріс көзқарасты білдіреді. Сондай-ақ, дәл суретті көрсеткен кезде жылқылардың жүрек соғысы мен өзге де физиологиялық белгілері тексерілген.

«Жылқылар өзге жануарларға қарағанда сезімтал келеді. Олар, әсіресе, ашулы кейіпті бірден біледі. Соған қарағанда жылқылар оқыс оқиғаларды тез қабылдайтын болу керек. Ашулы адамның суретін көрсету арқылы жылқыларды апатты жағдайларға бейімдеуге болады», – дейді мақала авторы Эми Смит.

2015 жылы ғалымдар иширалық белгілердің адамнан кейін жылқыларда көп кездесетінін айтқан. Адам көз, қас, ерін арқылы 27 түрлі көңіл-күйді білдіретін ым ишараларды көрсете алады. Жылқылар да еріндері мен танауы, көзі арқылы 17 түрлі эмоциясын білдіре алады екен. Ал, иттер 16, маймылдар 13 түрлі ишара көрсететіні анықталған.

2016 жылы өзге зерттеушілер иттердің де иесінің эмоциясын біле алатынын айтады.

Талқылау