Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар жуырда доллар бағамы 380 теңгеге жетеді деп болжауда

Қазақстандық валюта жаңа антирекорд орнатуы мүмкін. Қаржы және экономист мамандардың пайымдауынша, жақын күндері доллар құны теңгеге шаққанда 380-ге бір-ақ жетуі мүмкін. Бұл туралы КТК хабарлайды.

9aaf658cf1eebe35c3ff158ea00

Фото: kapital.kz

Ал евро болса 400 теңгеге көтерілді. Бірқатар болжамдарға сүйенсек, бұл жақын арада теңгенің құлдырауын білдіреді.

Қазақстандықтар валюта бағамының құбылуына қазір үйреніп те қалған секілді. Ақша айырбастау орындарында да бұрынғыдай шу саябырсыған. Ешкім де жаппай доллар саудалап жатқан жоқ. Алайда көшедегілер таблоға қарап, күн сайын өзгеретін сандарды мұқият бақылап өтеді.

Қазақстан қор биржасындағы кешегі сессия бойынша, теңге өз позициясын нығайтып, 353-ке тұрақтаған. Ал кейбір айырбастау орындары доллар үшін 356 теңге сұрауда. Алайда ұлттық валюта мұнай бағасының құлдырауына байланысты АҚШ ақшасына қайта жеңіле бастады. “Brent” маркалы мұнай барреліне 42 долларға бағалануда. Соңғы рет мұндай төмен көрсеткіш сәуір айының соңында тіркелген болатын.

Талқылау