Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар: Теледидар балалардың жаңашылдық қасиетін жойып, дамуына кері әсер етеді

Стаффордшир университетінің ғалымдары 3 жастағы 60 балаға зерттеу жүргізіп көрді. Олар балаларды екі топқа бөліп, бір топқа «Пошташы Пэт» мульфилімін көрсетіп, екінші топқа кітаптар мен құрастыру ойындарын берді. Кейіннен екі топ балаларының жаңашылдығы тексеріліпі, тест алынды.

43334

Мульфильм көрген балалар кітап оқып, сөзжұмбақтар сынды ойындарды шешкен балалармен салыстырғанда 15 минут бойы керемет идеялар айта алмаған.

Зерттеушілер теледидардың балалардың шығармашылығын бәсеңдетіп, ойлау жүйесінің жұмыс істеуіне кері әсер тигізетінін айтады. Бұл олардың дамуына кері әсер етеді. Сондықтан мамандар ата-аналарға дұрыс таңдау жасауға кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Шұбат пен түйе сүтінен қатерлі ісік тудыратын токсиндер анықталды

Ғалымдар: Баланың ақылды болуы анасына геніне тікелей байланысты

Неліктен аспиринді күн сайын ішу керек?

Талқылау