Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қазақстандықтар үшін қанша жасқа дейін ата-анасымен бірге тұру қолайлы екенін айтты

Ата-анасымен жайлы қарым-қатынас құру әрбір ересек адам үшін маңызды дүниенің бірегейіне жатады. Жылдар бойы қалыптасатын бұл қатынасқа бірқатар факторлар өз әсерін тигізеді.

W7A12391-768x512

Фото: Жанар Каримова, Vlast.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлемде ата-анасымен бірге тұратын жастар саны көп. Осы ретте адамдардың қай жасқа дейін ата-анасымен бірге тұратынын түсіндіріп көрейік.

“Жігіттер мен қыздар үшін қалыпты жағдай әртүрлі қарастырылады. Қазақстанда қыздар әдетте 19-21 жаста тұрмысқа шығады. Осы уақытта ол өз төркінінен бөлектенеді. Ал жігіттердің өсіп, отбасы құру дайындығы аздап кешірек жүріп, бұл шамамен 25 жастың маңайына барады. Бірақ қоғамдағы ерекше белсенділік тұрғысынан пісіп жетілу жасы әлдеқайда ерте келуі мүмкін. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жастар өздерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп ақша таба бастайды. Ондай жағдайда материалдық тұрақтылыққа қол жеткізгенде барып көшу қажет”, – дейді психолог, ҚР психологтар ассоциациясының президенті, психологиялық және медициналық орталық директоры Владимир Стеблянко.

Егер қаржылық және тұрмыстық проблемалар болмағанның өзінде жастар кейде бқлек тұруға қарсы болып жатады. Бұл жерде көптеген себептер бар: мәселен, олар бөлек тұра алады, бірақ әлі де сенімсіз. Не болмаса ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы дамыған және олардың алдында қандай да бір маңызды рөлді атқарады. Оның үстіне отбасымен бірге тұрса мейлінше ыңғайлы. Көптеген адам ата-анадан кету өзіне жауапкершілік жүктейді деп қашады. Олар мұны өз құқықтары деп емес, жағымсыз жағынан қарастырады. Егер, адам 18-21 жасында өзіне жауапкершілік алып, соның жүгін көтеріп кете алса бұл жақсы нәрсе. Ал бұлай болмаса онда ата-анасы баласын кішкентай кезінен өз алдыңа мақсат қой, соған ұмтыл деп тәрбиелемеген болуы әбден мүмкін.

Тіпті қаржылық жағынан ешкімге тәуелсіз жастардың өзі жеке өмірлерін бастамай жүріп алады екен.

Қазақтарда тағы бір қалыптасқан дәстүр бар: бұл бірінші баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беріп, солардың баласы деп атау. Бұл қазақ дәстүрінен жақсы хабар беріп тұрса да, қазіргі таңда өзгеріске түсе бастады. Кіші ұл ата-анасымен бірге тұру керек деген қағида бар. Бұл өте жақсы және оң өзгерістерге бастама бола алады, бірақ, біздің уақыта бұл өте өзекті әрі қиындыққа алып келуі де кәдік. Жас отбасы күйеуінің ата-анасымен бірге тұрса, онда енесі үйдің қожайыны болады. Мұндай кезде келін отбасы құру мен шаруашылықты басқарудағы міндеттерін толық атқара алмадым деп күйінуі мүмкін екен.

Шетелдік тәжірибе: АҚШ.

Ата-анасымен бірге тұру бойынша Құрама Штаттар көш бастайды. Соңғы статистика бойынша 18-34 жас аралығындағы адамдардың 44 пайызы ата-анасымен тұрады, ал олардың төрттен бірі отбасын (шаңырағын) ешқашан тастап кетпеген екен.

Италия.

Бұл елдегі үйленбеген 18-34 жас аралығындағы жастардың 61 пайызы ата-анасымен бірге өмір сүріп жатыр. Және бұл пайыздық көрсеткіштегі адамдардың барлығын жас деуге де келмейді: үш миллиондай адам 25 жастан асып кеткен.

Ресей.

Ресейлік 20-ға толған жасөспірімдер мен қыздардың жартысына жуығы ата-анадан бөлек тұру тәжірибесін бастан өткергендер. 25-30 жас аралығында олардың саны 80 пайызға дейін артады. Ата-ана үйінен кететін қазіргі замандағы 30 жастағы ресейлік әйелдердің орташа жасы 19,2 жасты құрады. Ал 30 жасағы ер адамдарды орташа жасы – 20,4 жас.

Вьетнам:

Вьетнамдық жастар мейлінше ата-анасының үйінен тезірек кеткісі келеді екен. Өзге елдердегі сияқты бұл мемлекетте де пәтер жалдау басты мәселе. Көбінесе басқа қалаға оқуға түскен жастар сол жақта жұмыс істеп қалып кетеді.

Франция.

Франциядағы жағдайда Вьетнамға ұқсас. Бұл елде жастар 20-21 жас аралығында өз үйлерінен кетіп, бөлек тұруға машықтанады.

Жапония.

Күншығыс елінде жастар оқуға түскен соң немесе үйленгеннен кейін ғана бөлек тұрады. Жас отбасы үнемі бөлек тұруға тырысады. Әрине, кей себептерге байланысты ата-анасымен бірге тұратын отбасылар кездеседі, бірақ, өте сирек.

Оқи отырыңыз:

Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Марат қажы (Сары әулие) өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)

Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді

Шымкентте ер адам бөлмесінде ұйықтап жатқан ұл баланы торуылдаған

Алматыда төрт күн бұрын жоғалған бойжеткен аман-есен табылды

«Болашақпен» Америкаға оқуға кеткен жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Талқылау