Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар фруктозалардың адам денсаулығына зиян екенін анықтады

Мамандар фруктозалардың ми жүйесін әлсіретіп, есте сақтау қабілетін төмендететінін анықтады.

fructose_03

Бұған дейін ғалымдар тәттінің адам миын дұрыс жұмыс істететінін айтқан.  Алайда, жақында жүргізілген Калифорниядағы университет мамандарының зерттеуі бойынша, фруктозалардың баланың есте сақтау қабілетін нашарлататыны анықталды.

Ғалымдар оған дейін лабиринт ішінен жол тауып үйренген көртышқандарға жүгеріден жасалған шырынды ішкізді. Тағы бірнеше көртышқанға Омега-3 май қышқылын берген. Жүгеріні өндірісте тәттілігі үшін жеміс шырынына, бояуларға, балаларға арналған қоспаларға қосады.

6 аптадан соң жүгері шырынын ішкен көртышқандар бұрын өздері шығып жүрген лабиринт ішінен жол таба алмаған. Ал, Омега-3 қоспасын ішкен тышқандар бұрынғысынша бірден жол тауып кете барған.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар: Ғаламторда ақпарат іздеу есте сақтау қабілетін төмендетеді

Есте сақтауды жақсартудың 7 жолы

Ғалымдар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендететінін айтты

Талқылау