Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар үй кезегін тез жылжытудың тиімді әдісін ұсынды

Отандық мамандар тұрғын үйдің кезегін жеделдетудің әдісін ұсынды. Ол үшін әр қазақстандық ай сайын 500 теңгеден қорға құйып отыруы тиіс.

00

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Қызылордалық Жүзбай Таңрықбаев 10 сотық жерді кезекте бес жыл күткен. Діттегеніне жеткен азамат енді жеке тұрғын үй құрылысымен айналыспақ. Болжаммен бір қабатты, үш бөлмелі жер үй салуға жарты жылдай уақыты кетеді. Ал құрылысқа қажет қаражат көлемі 4-5 миллион теңге маңайында. Бұның өзі үнем. Себебі көпқабатты үйден пәтер алу үшін кемінде 15 миллион теңге қажет. Ал оны қалта көтермейді.

“Үй соғуға арналған жерге қолымыз жетті. Бұл жер үйдің соғу құнына өзіміз есептеп көрсек, 4-5 миллион теңге қаражат кетеді екен. Ал ипотекаға алатын үйлер 15-16 миллиондай болады. Сондықтан мына жер үй соғу бізге тиімді болып тұр”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Жүзбай Таңрықбаев.

Шынымен, жеке баспана салудан қарағанда, сатып алу нағыз әбігерлік іс. Тұрғын үй тауқыметін шешу үшін мамандар түрлі ұсыныстар айтуда. Соның бірі – құрылыс компанияларының ортақ қоғамдық қорын құру бастамасы.

“Қарапайым тілмен жеткізсек, әр қазақстандық азамат осы қорға ай сайын бес жүз теңге салып отырса, жиналған қаржы мердігерлерге бөлініп, баспана қарқыны өсіп, тұрғын үй кезегі тез жылжитын еді”, – дейді олар.

Әзірге бұл тек ұсыныс қана. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілетін үйлер Астананың сол жақ жағалауында 2007 жылдан бастап салынған. Одан бері 16 мыңнан астам адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олар – мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер және жас отау бағдарламасының қатысушылары.

Мысалы, өткен жылдың өзінде Астанада 4 000 пәтер берілген. Алайда ішкі миграцияға байланысты берілетін өтініштердің саны одан да көп. Қазір 42 мыңға жуық адам тұрғын үйден әлі дәмелі.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 9 қабатты 11 үй салынатын болды

Әлемдегі таңқаларлық ерекше үйлер (фото)

Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің шатарынан құлап кеткен бала қайтыс болды

Тұрсынбек Қабатов арманына қол жеткізіп, зәулім үй салып жатыр (фото)

Талқылау