Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”

Америкалық зерттеуші Брене Браун жақындарымыздың ауыр күнәсін кешіруге көмектесетін оңтайлы тәсілді ұсынды. Аталған тәсілге сәйкес, біз өзіміз жек көріп тұрған адамның қайтыс болғанын білген кезде ғана оның ауыр күнәларына көз жұма қарайды екенбіз. Десе де, кешіру үшін адамды шын мәнінде өлтірудің қажеті жоқ. Мұны ойша жасағаныңыз да жеткілікті.

happygirl

Он жыл бойы кешірім сезімін айналып өтіп, ұят, батылдық, осалдық пен кінәні сезіну туралы жазып жүрмін. Не үшін? Менің негізгі бағытым мен кешіру арасындағы байланысты табу оңайға соқпады. Ортақ бір ізгілікті сипаттау үшін қанша ақпарат жинасам да, нүктесін дөп басу мүмкін болмады.

The Gifts Of Imperfection (… Дары несовершенства. Как полюбить себя таким, какой ты есть) атты кітабымды жазып жүрген кезде кешіру тақырыбына жақындай түстім. Идеяны орнымен дамытқандай күй кештім. Бірақ үш терең ойға ие сұхбат материалымды баспаға бермес бұрын, гипотезамды жоққа шығарды.

Өздеріңіз білетіндей, зерттеу кезінде сан түрлі әдісті қолдану үшін бірыңғайлыққа ие болу орынды (статистикада оларды “қоқыс” дейді). Егер нәтиженің басым бөлігі гипотезаны растаса, өзгешеліктерге қарамастан, сандық теория дұрыс деп табылады.

Зерттеудің сандық әдістерінде терең ұғымды сұхбаттар аса үлкен маңыздылыққа ие болмайды. Әрбір оқиға маңызды. Зерттеушінің кез келген гипотезасы барлық деректерге толығымен жауап беруі тиіс. Егер бір нарсе сай келмесе, гипотеза дұрыс емес болғаны. Бұл жиіркенішті жағдай. Барлық шешім қоқыс жәшігіне кеткенімен бірдей. Әйткенмен де, жұмысқа деген тік көзқарас ешқашан ұятқа қалдырған емес. Кешіру туралы бар тапқаным кейінгі кезеңдегі басқа гипотезалардың орайына қалдырылды.

Бірде кешіре білу туралы өсиет тыңдадым. Джо өзіне ажырасу алдында тұрған жұптың келгені жайлы айтып берді. Әйелінің айтуынша, азаматы оның көзіне шөп салған. Екеуі де үмітсіздіктің тереңіне бойлап кеткен. Әйелі сатқындықты кешіре алмайтынын білдірсе, күйеуі өзін-өзі кешіре алмайтын көрінеді.

Джо: “Бір-бірлеріңізді кешіру үшін, бір нарсенің қайтыс болғанына көз жеткізулеріңіз керек. Кешіргендеріңізге көз жеткізу үшін бір нәрседен баз кешуге тиіссіздер. Сіздің осы үшін қайғыруыңыз керек. Бұл толық цикл”.

Мен бірден қолыммен бетімді бастым. Бөлшектенген дүниелер қаз қалпына келгендей болды. Құдды жүз кілт аша алмаған есік айқара ашылғандай күй кештім. Адамды кешіру оңай емес. Себебі, кешірімге деген жол өлім мен қайғы арқылы салынбақ. Мен махаббат, мейірімділік сынды қасиеттердің арқасында кешіргім келді. Бірақ бұл қолымнан келмеді.

Яғни өзіміз кешіре алмайтын адамды ойша өлтірген кезде оған деген қарым-қатынасымыз толықтай өзгереді. Оның осы күнге дейін жасаған тек жақсы қасиеттерін еске аламыз. Осылайша оңай кешіреміз. Қолда бардың қадірі жоқ деген осы болар… Ал жақындарыңыздың ауыр күнәларын қалай кешіресіз?


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян

Ерте ұйықтаудың 6 пайдасы

Неліктен 7 сағаттан аз ұйықтауға болмайды?

Түскі астан соң ұйқы қыспау үшін не істеу керек?

Талқылау