Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мама, мен қылмыскер емеспін: Талғардағы интернатта жарымжан баланы азаптап өлтірген тәрбиешіге сот үкімі шықты

Мүгедек баланың мәйіті шыққан  қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.  Сонымен қатар, Мейіргүл Жалымова жәбірленушілерге 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлейтін болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Мама, мен қылмыскер емеспін: Талғардағы интернатта жарымжан баланы азаптап өлтірген тәрбиешіге сот үкімі шықты

Жалғыз ұлының өлімі үшін анасы одан 30 миллион теңге талап еткенін айта кетейік. Алайда, судья кәмелетке толмаған үш қызының барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр. Өйткені, сотталушының  туыстары интернаттағылардың өздеріне ақша ұсынғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік,  Талғардағы интернатта 8 жасар Мұхамеджанды өлтірген  тәрбиешінің  қылмысы сот залында экран арқылы көрсетілген. Күтуші өзі де  баланы қалай байлағанын, қуыршақты жаялықпен мойнынан бұрап, төсектің иін теміріне таңып тастағанын сот залында көрсетіп берді. Алайда, ол артынша сөзінен бас тартып баланы қолынан ғана байладым деп айтқан болатын. Бірақ сот сарапшысы баланың мойнынан қылқынып қалғанын растағаннан кейін, сот тәрбиешіні  15 жылға соттау туралы үкім шығарды.

“Мама, мені кешірші! Мен мұндай болады деп ойламадым, мама! Кешірші! 3 қызым аманат, мама, мен қылмыстық іс жасамадым, мама!” – деп жылады сот үкімінен соң үш баласы бар  қылмыскер.

Талқылау