Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маликаны кешіріңдер: Желі қолданушылары Малика Мұхитованы ақтауды сұрап жатыр

Желі қолданушылары жол апатынан қаза болған Ескендір Сүлейменов үшін сотталған Малика Мұхитованы ақтауды сұрап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін айыпты Малика Мұхитова кінәлі деп танылып, екі жылға сотталған еді. Сонымен қатар 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Желіде “Маликаны кешіріңдер” деген атпен жазба тарады. Желі қолданушылары Маликаны ақтауды сұрап, ақпаратты бөлісуде. Оны қолдаушылар арасында достары мен сыныптастары, жақындары, тіпті бейтаныс қолданушылар да бар.

“Маликамен бірге оқыдық. Сабақта үнемі көмектесетін. Өзі жақсы оқыды. “Алтын белгі” иегері. Сондай қыздың қиын жағдайға тап болғаны өкінішті. Оның орнында әрқайсысымыз болуымыз мүмкін еді”, – деп жазды сыныптасы.

“Малика мұндай жазаға лайық емес еді. Жол апатын жасап жатқан қанша адам бар. Бәрі ақша беріп құтылады. Ал, Малика қатты жылдамдықпен келе жатқан адамды байқаусызда қақты. Бекем бол, қымбаттым”, – деп жазды желі қолданушысы.

“Мен Маликаны танымаймын. “ІІД басшысының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірді” деген ақпаратты БАҚ-тан оқыдым. Ескендірдің жастайынан ажал құшқаны өкінішті-ақ. Бірақ бұл Алланың қалауы. Оны Малика әдейі жасаған жоқ. Маликаның орнында мен болуым да мүмкін еді. Анасы қатты уайымға салынған шығар. Алла сабыр берсін”, – дейді енді бірі.

“Маликаны қолдап, кешірім беруін сұраймын. Сот органы жеңілдік жасайды деп үміттенеміз. Маликаның орнында бәріміз болуымыз мүмкін еді. Ата-анасына сабыр тілеймін”, – деп жазды желі қолданушысы.

“Мен Маликамен бір курста оқыдым. Өте жақсы тәртіпті, ашық мінезді қыз. Біз оның ІІМ басшысының қызы екенін де белген жоқпыз. Бәрімізбен жақсы араласты. Ешкімге жамандығы жоқ. Ата-анасына сабыр берсін. Маликаны кешіріңіздерші. Оның қамауға алынғанын қаламаймыз”, – деп жазды бірге оқыған құрбысы.

Маликаның достары Олжас Сүйлейменовтің атына да хат жазып, кешірім беруді сұрады. Малика Мұхитованы кешіруді сұрап, қолдау білдіргендер қарасы көп. Маликаның әріптестері мен достары оның жақсы қасиеттерін атап, кешірім беруді сұрап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау