Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзияның бас прокуроры 681 млн долларды пара емес, сыйлық деп таныды

Сауд Арабиясының патша әулеті Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың жеке шотына аударылған 681 млн доллар – пара емес, сыйлық. Елдің бас прокуроры қоғамда үлкен шу тудырған қыруар соманы осылай деп танып, шешім шығарды.

a4ac1d20e3d370e4f7001611e0c867ca_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қомақты қаржыны Разак былтыр шілдеде Сауд Арабиясының мемлекеттік қорымен байланысты ұйымдардан алған. Осыдан кейін экс-премьер-министр Махатхир Мохамад ізбасарын пара алды деп айыптады. Бірақ Разак мұны жоққа шығарды. Оның үстіне ол сыйақыны пайдаланбастан иесіне қайтарып берген көрінеді.

“Малайзияның Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі куәгерлермен, оның ішінде сый жасаған тұлғалармен кездесіп, жауаптарын жазып алды. Куәгерлер мен тиісті құжат дәлелдемелерінің негізінде мен бұл қаржыны сыйға беруде ешқандай қылмыстық құрам жоқтығына көзім жетті. Сондықтан аталмыш агенттіктен істі жабуды талап етемін, – дейді Малайзияның бас прокуроры Мохамед Апанди Әли.

Талқылау