Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзиялық отбасы 20 баланы асырап алған (видео)

Малайзиялық Исмаил Атна мен жұбайы Зауия Уи Абдулла 15 жыл ішінде 20-дан аса жетім баланы асырап алған.Тіпті, олар асырап балалардың кейбіріне аса үлкен күтім мен ерекше жағдай қажет көрінеді. Арасында талма дертіне шалдыққан балалар да бар.

асырадф

Оларға күтім жасауға Зауияға үлкен төрт баласы көмектеседі. Зауия 56-ға, ал Исмаилдың 60 жасқа келгеніне қарамастан, мұсылман отбасы тағдыры бұралаң балаларға қамқорлық жасауға еш қиынсынбаған. «Жасымыз келсе де біз алты айлық және екі жасар балаларға қараған жас ата-аналар сияқтымыз», – дейді Зауия.

Сайфулла есімді бала інісі мен қарындасы үшеуі осы үйге келген кезде жеті жаста болыпты. Сол сәтті Зауия былай еске алады: «Есімнен әлі кетпейді, төрт кішкентай баланы таксимен үйге әкелді. Мен, тіптен, не айтарымды білмедім. Балалар ешқандай күтіп, жағдай дегенді көрмеген еді. Қарындары аш, киімдері ластанған. Біз оларға қолымыздан келгенше өз балаларымыздай қамқорлық жасауға тырыстық», – дейді Зауия.

Исмаил Атнаның сөзінше, отбасында қаражат көп емес, алайда, балаларға қашанда табылады, себебі Жаратушы Ие мұндай ізгі іске жеңілдігін береді.

Оқи отырыңыз:

Төрт баланың анасы өмір бойы күйеуінің көзіне шөп салып келгенін айтып өкінді

Күйеуімен Норвегияға көшіп кеткен Ақкенже Әлімжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

ОҚО-да қырыққан шашын екі қапқа жинап қойған әжей шашының киелі екенін айтты

Трамп мұсылман елдерінің халқына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

 

 

Талқылау