Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзияда жұмысшылар әлемдегі ең ұзын жыланды ұстап алды

Малайзияда құрылыс алаңындағы жұмысшылар әлемдегі ең ұзын жыланды ұстап алды. Алып питонды жұмысшылар құрылыс алаңының қақ ортасынан тапқан.

python_2444555b

Сурет: www.telegraph.co.uk 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жыланның ол жерде қалай тап болғаны белгісіз. Оны ұстау қиынға соқты. Бірнеше ер адам алдымен оның аузын байлап, арқанмен буындырып, әрең дегенде қолға түсірген екен. Салмағы 250 келіге жуық, ал ұзындығы 8 метр болып шықты.

Мұндай өлшемдерімен питон тұтқында өмір сүріп жатқан ең ұзын жылан ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ене алады. Бұған дейін бұл номинация чемпионы Миссури шатында тұратын Медуза питоны болған еді. Оның салмағы 158, ұзындығы 7 метр 67 сантиметр.

Талқылау