Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзияда түрі адамға ұқсайтын лақ туылды (фото)

Жаңадан туылған лақтың денесі де адам баласына ұқсаған. Төрт аяғы мен басын жүн басқаны болмаса жаңа туылған нәрестеден аумайды.

қозы-адам

Адамның бетімен туылған лақ туралы Mirror басылымы жазған. Ерекше жайт Малайзияның Филда өңірінде болған. 63 жастағы Ибрагим Базирдің  иелігіндегі   малдың бірі осындай лақ туған. Жаңа туылған лақтың денесінде жүні болмаса тура адам баласынан аумайды. Ерекше жайт туралы Ибрагимге оның қоластындағы жұмысшылары хабарлаған.

«Мен болған жайтты көзіммен көруге барған кезде таң қалдым. Лаққа қарағанда көзі, мұрны  тура бір үлкен еркектің түрі сияқты көрінді»,-дейді Ибрагим Базир журналистерге берген сұхбатында.

Өкінішке орай лақ бір сағат та өмір сүрмеген. Мал иесі лақты анасы басып өлтірген болуы мүмкін деп болжайды.

Бұл оқиға малайзиялықтар арасында үлкен қызығушылыққа ие болғаны соншалық лақтың  денесін ақшаға сатып аламын дегендер де болды. Соңында лақтың өлі денесі ветеринарларға берілген.

Жануарлардың  адамға ұқсайтын ұрпақты дүниеге әкелген жағдай бұған дейін де талай мәрте болған еді. Одан бөлек жаңа туылған  қозының денесіне  «Рахман», «Мухаммед», «Аллах» деген жазулар да бірнеше рет өзіміздің елімізден де табылған еді.

 

 

Талқылау