Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малайзия шариғат заңына негізделген әуекомпаниясының қызметіне тыйым салды

Малайзия билігі шариғат заңы бойынша қызмет көрсететін алғашқы әуекомпаниясының қызметіне тоқтау салды.

malaysia3

Сурет: indianexpress.com 

Елдің азаматтық авиация министрлігі әуекомпанияға 3 ай бойы тергеу жүргізген. Бұл Rayani Air әуекомпнаиясының қызметі кезіндегі жіберген қателіктерімен байланысты. Әсіресе, ұшу кезіндегі қауіпсіздіктің сақталмағаны анықталған. Сондай-ақ, ұшқыштар ереуілдерге шыққан кезде, ұшу уақыты ауысып отырған.

Rayani Air әуекомпаниясы өз жұмысын былтырғы жылдың желтоқсан айында бастаған болатын. Бортта тек халал ас беріліп, ішімдікке тыйым салынған. Стюардессаларға хиджаб кию мнідеттелген.

Әуекомпанияның Boeing 737-400 екі ұшағы болды. Онда 8 ұшқыш пен 50 экипаж мүшесі қызмет көрсеткен.

Талқылау