Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мал бағып жүрсің ба?”: Қызымен әзілдескен Мақпал Жүнісова жұртты күлдірді (видео)

Жақында ғана қымбат әшекейін қолды қылған Мақпал Жүнісова енді итінен айырылып қалды. Халық артисінің үйін күзетіп жүрген жануар үйдің қақпасы ашылғанда қашып кеткен. Жоғалған итті Мақпал ханымнан қарағанда, қызы қатты іздеген ұқсайды. Әнші тұңғышын сабаға түсіру үшін оған күлкілі әңгімелер айтып, желі қолданушыларына да көтеріңді көңіл-күй сыйлады, деп жазады Stan.kz.

Көк тиыным жоқ: Мақпал Жүнісова қызының болашағына неге ақша жинамайтынын айтты

“Жұмыстан шығып екі сағат итті іздеп, жиналысқа да бармадым, таңертең машинаға қақпаны ашқанда иттер үрген жаққа қашты, мен жұмыстарыммен босай алмадым, Мерей сабақта еді, біздің жазығымыз жоқ деп, Мерейдің ашуын бастық, жолшыбай жақсы әңгіме айттық, ит түгілі, адамнан да айрылып жүрміз ғой, бұйырған ит болса өзі келер деп, үйге енді жеттік”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Бұдан кейін Халық артисі қызымен әзілдесіп келе жатқан видеосын жариялады.

“Мерей маған қарағанда тез шаршап қалады. Мен сияқты тез жүре алмайды, таңғы 5-те тұра алмайды. Мен түнгі 1-2-де жатсам да таңғы 5-те тұрамын. Мерей 7-де әрең тұрады”, – деді Мақпал Жүнісова.

“Өйткені мен шаршаймын”, – деген қызына Мақпал Мұхамедиярқызы: “Немене қой бағып жүрсің ба не?” – деп жауап берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Желі қолданушыларының әншінің әрекетіне қаарап, күлкіге қарық болғандарын жасырмады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау