Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Үсенов тағы да бостандыққа шықты

Атышулы Мақсат Үсенов тағы да бостандыққа шықты.

7b5fb3a1a519fc7901fb7469fe20d3f8

Фото: Today.kz

Бұл туралы Zakon.kz басылымы жазды.

Мақсат Үсенов тағы да бостандыққа шыққанын әлеуметтік желі арқылы растады. Instagram желісінде уақытша “Үйдемін, үйдемін” деп жазылған суретін бөліскен екен.

Естеріңізге сала кетсек, ол жақында, тура туған күнінде 10 тәуліктік қамаудан шығарылған болатын. 16 маусым күні қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін айыпталып, он тәулік мерзімге қамалған еді.

Куәгерлердің айтуынша, Үсенов әуе сапары кезінде балағат сөздер айтып, қауіпсіздік жөніндегі экипаж талабын орындаудан бас тартып, жолаушылардың сапары үшін қолайсыз жағдай тудырған. Ол сот отырысында өз кінәсін толық емес, ішінара ғана мойындады.

Бұған дейін Үсеновтың 160 мың теңге көлемінде салықтық борышы бола тұра “Эйр Астана” ұшағымен Бангкокқа ұшып барғаны және әуе сапары кезінде шу тудырғаны жарияланған еді. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті таиландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырды (видео)

Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді

ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады

Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)

Талқылау