Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Үсеновті жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі аяқталды, ол қайтадан көлік жүргізуі мүмкін

Мақсат Үсенов әзірге көлік айдауға мүмкіндік беретін жаңа құжаттарды алуға өтініш білдірген жоқ. Ол құжаттарынан 3 жыл 9 айға айырылған болатын. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Мақсат Үсенов 2013 жылы BMW X6 көлігімен жаяу жүргіншілердің тобын қағып кеткен. Зардап шеккендердің біреуі қайтыс болған еді. Үсенов осы ісі үшін 45 күн абақтыда отырып, бостандыққа шыққан еді. Алайда осы оқиғадан ол ешнәрсе түймеген болуы керек.

2014 жылы Үсенов қарама-қарсы бағытпен жүріп келе жатып көлікпен соғысқан. ЖКО нәтижесінде әйел зардап шегіп, кінәлі жүргізуші 20 тәулікке бас бостандығынан айырылды.

2017 жылы Мақсат Үсенов ұшақ салонында темекі шегіп 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, тексеріс кезінде одан марихуаннаның қорабын алып қойды. Сол кезде ол 453 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, құтылып кеткен еді.

Талқылау