Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова сахнаға шыға салып, өзін “әнші” санайтын жастарды сынға алды

Мақпал Жүнісова сахнаға шыға салысымен, жұлдыз ауруына шалдығып, өзін “әнші” санайтын жастарды сынға алды. Халық артисі халыққа еңбегі сіңбей жатып, концерт беруге асығатын жас таланттарға ақылын айтты.

Мақпал Жүнісова сахнаға шыға салып, өзін "әнші" санайтын жастарды сынға алды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Білемін, болдым, толдым деп айтудың өзі үлкен қателік. Бәріміз де жаңадан бастадық қой, аспаннан түскен жоқпыз. Бірақ халыққа біраз еңбегі сіңу керек. 10 жылдай. Мен мысалы, жеке концертімді 10 жылдан кейін берген адаммын. Жеке концерт беру үшін мен 10 жыл ауыл-ауылды аралап, халыққа еңбегімді сіңірдім.

Алматыда 1991 жылы бірінші концертімді бердім. Сол кезде Асқар Тоқпанов деген режиссер кісі бата беріп, әрі қарай жақсы жолмен кеттім. Жастарға айтарым, асықпаңыздар. Асыққан шайтанның ісі. Қазір жастар асығып жатыр. Анау түсірді ма, мен де түсірейін дейді”, – дейді Халық артисі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау