Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүнісова: Екі жас депутат болмай-ақ әндерін айтып, тыныш жүрсін (видео)

Бірінің жүрегі ауырып, екіншісінің жүрегі дірілдеп жүрген үміткерлерге Халық артисі Мақпал Жүнісованың өз айтары бар. Халықтың еркесі Мақпал Жүнісоваға да кезінде депутат болуға бірнеше рет ұсыныс түсіпті. Алайда, осы бір сыңғырлаған күлкісі бәріне кедергі келтіріпті. Оған қоса әнші сахнада ән айтпаса, басының сақинасы ұстап қалады екен.

2_141

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал, былтыр танымалдылығы жағынан талантты әншілердің өзін басып озған МС Сайлаубектің бағы ашылды. Түсініксіз тілде ән шырқап ғаламторды дүр сілкіндірген рэперді мұсылмандар одағы депутат мінберінен көргісі келетінін ашық білдірген болатын.

Алайда, біраз өнер иелері тапсырыстар жоқ деп шетелде көсіліп демалып жатқанда рэпердің жұмысы қауырт. Мүлдем бос уақыты жоқ. Дегенмен, ол ел қалаулысы болғысы келеді. Бірақ, ол үшін танымалдылығымды одан сайын арттыруым керек деген рэпер бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар МС Сайлаубек сайлауға биыл қатыспағанымен, болашақта бағын сынауға дәмелі. Рэпер бүгінде сол мандатқа сай болу үшін шешендік өнер дәрістеріне қатысып жүр.

Сайлауға қатысу үшін, партия тізіміне іліккен Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова өзге әріптестеріне қарағанда көп сыналды. Бұл жәйтқа бей-жәй қарай алмаған Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің пікірін баспасөз беттерінде ашық жариялауға көшкен. Осы мәселеге байланысты сұхбат алу үшін біз де хабарласқан едік, емделіп жатқанын айтып, тек телефон арқылы жауап берді.

Тіпті, түрлі әлеуметтік желілерде Қайратты келемеждейтін суреттерді көрген Гүлзира ханым оларды біреулер қасақана жасап отыр деген пікірде. Ал Қайраттың өзі депутаттық үшін өнерден де бас тартуға дайын екен. Ал, Қайраттың алдындағы буынның сайлауға қатысты пікірі әр түрлі.

Ал, әнші Жанар Дұғалованың экс-продюсері Баян Есентаева оның депутаттыққа ұсынылып жатқанын естігенде: “Дұғалова депутат болатындай ештеңе бітірген жоқ” деп бірден ойындағысын айта салғанын жасырмайды. Кейін ақылға салып, өз пікірін өзгерткен.

Дегенмен, мәжіліс депутаты мандатына шоу-бизнес өкілдері мен спорт маймалмандарын тарту идеясы таңсық дүние емес. Алайда, шетелде оларды сайлау науқанына атсалысу үшін ғана тартатын көрінеді. Ал, додада кімнің атқа шауып, кімнің босқа шапқаны бір жарым айда-ақ анықталады.
– See more at: https://31.kz/video/show/id/11562#sthash.I4w3U5SU.dpuf

Талқылау