Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова бетіне пластикалық ота жасатпақ

Мақпал Жүнісованың құпиясы ашылды. Елінің елу жастағы ерке қызы сымбаты мен сұлулығын қалай сақтап жүргенін айтты. Мұнымен қатар, пластикалық ота жасатуға ешқандай қарсылық білдірмейтінін тілге тиек етті.

13113948_127170197687023_859782596_n

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Табиғи сұлулығы өнерімен үндескен Жүнісова шығармашылығының 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Жанды дауыста жеке шығармашылығын өткізген әнші көрермендерін сыңғырлаған даусымен қарсы алды. Аталған кеште көпшілік әншінің мінсіз келбетіне таң қалған. Тіпті пластикалық ота жасатты дегендер де болған. Алайда әнші мұны жоққа шығарып, көптен жасырған құпиясымен бөлісті.

“Бетіме ине салғанды ұнатамын. Косметологым бетіме 50 шақты инені тығып қойып, артынша тоққа қосып дірілдетеді. Бұл беттің қан айналымын жақсартады әрі бетке дәрумендер құйылады. Кәдімгі табиғи ем десек те болады”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Әншінің косметологы Қали Оразбекова Қытай мемлекетінен көшіп келген. Ол өзіне қазақ эстрадасының көптеген танымал әншісінің келетіндігін айтады.

“Мақпалмен танысқаныма 16 жыл болып қалды. Осы уақыт ішінде тұрақты клиентімізге айналып үлгерді. Негізі Мақпал өзі табиғи заттарды ұнатады. “Мұның ішінде не бар? Әйтеуір химикаттар жоқ па?” деп сұрап отырады. Оның табиғи терісі өте жақсы. Пластикалық ота да жасатпаған.  Ал біздің салон бетті қатайтатын инелермен айналысады. Мақпалдан өзге Бағдат Сәмединова, Айгүл Иманбаева, Жеңіс Ысқақова, Жанболат пен Жазира сынды әншілер де келеді”, – дейді косметолог ханым.

Ол алдымен бетті тазартып, кейін ине қояды. Соңында бетке балдырдан әзірленген маска жағады. Ерекше әдіспен массаж жасайды.

“Аталған процедураны жылына 10-12 рет жасатамын. Қартайған сайын бет терісі былжырап, төмен түседі. Ал мен қойдырып жүрген инелер спортпен айналысқандағыдай беттің бұлшық етін қатайтады. Сіздерге қымбат шығар, ал мен үшін олай емес. Бір барғанда косметологқа 100 доллар төлеймін. Яғни жылына 12-15 рет барсам, 1,5 мың доллар кетеді. Пластикалық ота жасатқан емеспін, десе де оған ешқандай қарсылығым жоқ. Егер даусымды жоғалтпай, халық алдында өнер көрсетер болсам, 55 жасымда ота жасатамын. Ал егер өнерсүйер қауымның алдына шықпайтын болсам, жасатпаймын. Күйеуге шығайын деп жатқан жоқпын ғой”, – деп әнші сұлулығын сақтап қалу үшін сараңдық танытпайтынын айтты.


Оқи отырыңыз:

Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Талқылау