Мақпал Жүнісова: Мені құртқысы келетін адамдар да болды

Мақпал Жүнісова өнер жолында талай мәрте қателескенін айтады. Халық артисі өзін сан рет кешірген халыққа бүгінде дән риза. Сол үшін реті келген сайын алғыс айтудан шаршамайды. "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында Жүнісова өмірі мен өнері жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz.

Мақпал Жүнісова

"Қателіктер болып қалған кезде бармағымызды тістейтін кездер де болады. Халық не дейді екен, енді халыққа қай бетіммен қараймын дейтін де кездер болды. Халық бізді кешірді, басымды жерге дейін иетінім сол", - дейді Халық артисі. 

Сөзіне қарағанда, жас кезінде оны сынаушылар қатары көп болған, ал бүгінде азайған. 

"Қазір сын азайды. Жас болған кезде қателіктер көп болады. Біраз нәрсені біз халықтан, өмірден үйренеміз. Өмір өзі адамды орнына қояды", - дейді Жүнісова. 

Жүнісова өмір жолында жақсы адамдардың көп кездескенін айтады. Әйткенмен Халық артисінің аяғынан шалғысы келгендер де табылыпты.

"Қиямет жасайтын сол шынайы ақ бола алмағандар, болмаса шынайы әнші бола алмағандар. Көбінесе өзінің мамандығына қателесіп келген адамдар құртады. Менің жолымда мені құртқысы келетін адамдар да болды, баршылық", - дейді әнші. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр