Мақпал Жүнісова күйеуге шығу туралы әзілдеп, елді күлдірді (видео)

Мақпал Жүнісова отандық радиолардың біріне сұхбат беріп, күйеуге шығу туралы әзілдеді. Халық артисі: “Сізге ғашық жігіттерден хат келіп жатыр” деген журналистің сөзіне әзілмен жауап беремін деп елді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz. 

 

“Халықтың жылы сөзінен ұйқым ашылып кетті. Шай бердіңдер әдемілеп. Құдай-ай, масқара боп күйеуге шығып кетем ба құрысын? Баяғыда біреу 9-шы рет күйеуге шығып бара жатып: Құдай-ау өстіп жүріп, бұзылып кетемін ба? – деп айтыпты”, – деп күлді Жүнісова.

Желі қолданушылары аталған сәтті тамашалап, әншінің жарқын күлкісі мен қарапайымдылығына тәнті болды.

“Позитивті керемет жансыз”, “Өзіңізді позитивті, емін-еркін ұстайсыз”, “Сізді сондай жақсы көремін, әрқашан ашық жарқынсыз”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр