Жүнісова: Екі жас депутат болмай-ақ әндерін айтып, тыныш жүрсін (видео)

Сенбі, 6 Ақпан , 2016 8:39

Бірінің жүрегі ауырып, екіншісінің жүрегі дірілдеп жүрген үміткерлерге Халық артисі Мақпал Жүнісованың өз айтары бар. Халықтың еркесі Мақпал Жүнісоваға да кезінде депутат болуға бірнеше рет ұсыныс түсіпті. Алайда, осы бір сыңғырлаған күлкісі бәріне кедергі келтіріпті. Оған қоса әнші сахнада ән айтпаса, басының сақинасы ұстап қалады екен.

2_141

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал, былтыр танымалдылығы жағынан талантты әншілердің өзін басып озған МС Сайлаубектің бағы ашылды. Түсініксіз тілде ән шырқап ғаламторды дүр сілкіндірген рэперді мұсылмандар одағы депутат мінберінен көргісі келетінін ашық білдірген болатын.

Алайда, біраз өнер иелері тапсырыстар жоқ деп шетелде көсіліп демалып жатқанда рэпердің жұмысы қауырт. Мүлдем бос уақыты жоқ. Дегенмен, ол ел қалаулысы болғысы келеді. Бірақ, ол үшін танымалдылығымды одан сайын арттыруым керек деген рэпер бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар МС Сайлаубек сайлауға биыл қатыспағанымен, болашақта бағын сынауға дәмелі. Рэпер бүгінде сол мандатқа сай болу үшін шешендік өнер дәрістеріне қатысып жүр.

Сайлауға қатысу үшін, партия тізіміне іліккен Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова өзге әріптестеріне қарағанда көп сыналды. Бұл жәйтқа бей-жәй қарай алмаған Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің пікірін баспасөз беттерінде ашық жариялауға көшкен. Осы мәселеге байланысты сұхбат алу үшін біз де хабарласқан едік, емделіп жатқанын айтып, тек телефон арқылы жауап берді.

Тіпті, түрлі әлеуметтік желілерде Қайратты келемеждейтін суреттерді көрген Гүлзира ханым оларды біреулер қасақана жасап отыр деген пікірде. Ал Қайраттың өзі депутаттық үшін өнерден де бас тартуға дайын екен. Ал, Қайраттың алдындағы буынның сайлауға қатысты пікірі әр түрлі.

Ал, әнші Жанар Дұғалованың экс-продюсері Баян Есентаева оның депутаттыққа ұсынылып жатқанын естігенде: “Дұғалова депутат болатындай ештеңе бітірген жоқ” деп бірден ойындағысын айта салғанын жасырмайды. Кейін ақылға салып, өз пікірін өзгерткен.

Дегенмен, мәжіліс депутаты мандатына шоу-бизнес өкілдері мен спорт маймалмандарын тарту идеясы таңсық дүние емес. Алайда, шетелде оларды сайлау науқанына атсалысу үшін ғана тартатын көрінеді. Ал, додада кімнің атқа шауып, кімнің босқа шапқаны бір жарым айда-ақ анықталады.
– See more at: http://31.kz/video/show/id/11562#sthash.I4w3U5SU.dpuf

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Макенмен толыктай келисем! Депутат болу болек, анши болу болек!

  • Жұмбақ жан says:

    Мен Кайрат Нуртастын андерин суйсине тындаймын.оте тамаша анши, солай бола турса да мен онын депутат болганына карсымын.Себеби, казакта макал бар, Алибек алинди бил, кумырска жолынды бил ,-деген. Менин ойымша депутаттыкка жогары билимди , эономисттер , занды щбилетин юристтер, галымдар ,елдин денсаулыгын ойлайтын медиктер, елдин сауаттыгын ойлайтын устаздар болуы кажет -деп.А л кеше сахнага шыга салып бугин елдин ертенине арналган зан шыгаруга катысып бирдене битиреди ме? Мен озим егер ол сайлауга катысып жатса дауыс бермеймин деп шештим.

  • Жұмбақ жан says:

    Ұялмайды екен. Өздері туралы жоғары ойлағаны ғой. Одан да әнін дұрыстап айтуды уйренбей ме?

  • Шолпан Сейтжан says:

    МС Сайлаубекке не жоқ басын котерип дурыстап сойлесе алмайды ынк мынк етип депутат былай турсын онерден аластату керек. Жанарга келетин болсак онын билими жок дауысы журеги дирилдеп журген адам укиметке келгенде калтырап битеди. Қайратты колдаушысы коп ол ер адам. Биликке айелди жолатпау керек әйел оз шаруасын билсин

  • Жұмбақ жан says:

    Жалпы анау андай мынау мындай деп биреуди тилдеуге асыгатын адамдар аз емес. Бириншиден олар оздеринин колынан не келетинин ойласын. Онермен ойнап болды . Енди саясатпен ойнау калды ма? Казир халыктын киналып жургенин ашып айтатын азаматтар керек ол жерге. Бирак уйыктап отыратын ,дым дыбысы шыкпайтын агаларымыз халыктын салыгынан тусип отырган акшадан енбек акысын арам жегенше, кайрат пен жанар секилди жастарга да мумкиндик беру керек те шыгар.халыктын арасында бираз болган ,коргендери де аз емес шыгар. Акыл жастан демекши . Колына жакса -сака, акылы асса- дана деген Толебидин сози тагы бар. Жалпы халкым деп турган жастарга колдау корсетейик. Калганы олардын намысынын еншисинде.

  • Жұмбақ жан says:

    Әншілер сайлауға клоундық өнер көрсету үшін шақырылады!

  • Жұмбақ жан says:

    Мен мулдем тусинбеймин, аншилер, спортшылар оз шаруаларымен айналысып неге журе бермейди екен! Зан жайында не биледи булар, сахнада, рингте тагы да баска секендегеннен баска, халыкка не жагдай жасайды, буларды усынган адамдарда, оларга катысуга руксат берген басшы да халыкты емес оздерин ойлайтын жандар! Ау казагымнын батырлары, шешендери кайда?! Осындайлардан халкымыз куриды! Алла бир ози жар болсын!

  • Жұмбақ жан says:

    Кымбатты кайрат пен жанар кэсипти уйрен де жирен деген соз бар екени рас. Дегенмен арким колынан не ис келет сонымен айналыссын деген ссср-дын уранын естен шыгарманыз. Ол жерге барганнын бари уйыктаит, сиздердин иштериниз пысары созсиз. Сондыктан ан шырканызшы. Жануя курын, мансап баилык кайда кашат.

  • Жұмбақ жан says:

    Негизи мен сол жумбак Жан мен толыктай келисем. Олар али жас оган али дайын емес деп ойлаймын. Депутат болу онай шаруа емес.

    • Жұмбақ жан says:

      Гастролде көп жүрет шаршаған болар, торт бес жылдай мызғып демалайын деген болар.

  • Жұмбақ жан says:

    Соған да бастарыңыз жетпей ме. Қайраттың дауысы аздан соң бітеді. Халыққа қол жайып тойдан тапқанша, халыққа жеткізбей қағып алатын пайда тұрғанда, ондай мүмкіндікті қайдан жіберсін! Ех, шіркін қазақтың маңдайына біткен нағыз жұлдыз қашан келер екен. Ал Қайрат пен Жанарлар құлқынның құлы ғой.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар