Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова 90-ға келген кіндік шешесі туралы айтты

Мақпал Жүнісова – Сиви Махмудидің қызы Салидаттың кіндік шешесі. Сондықтан да Махмуди әулеті той жасаса, Халық әртісі қадірлі меймандар қатарынан табылады. Мәселен, қазақтың ерке қызы жуырда ғана Сивидің 30 жасқа толған туған күніне қатысты.

“Сивидің үйіне күнде барып, құшақтасып шай ішіп жүрген жоқпын. Салидаттың кіндік шешесімін. Өздері солай қалап, сайлады. Бірақ мен сол қызымды үш айда бір көрсем жақсы, уақыт жоқ. Мен барда олар болмайды, олар барда мен жоқпын. Телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Бірақ тілеуіміз, бір-бірімізге деген тілегіміз дұрыс. Өзімнің де әлі күнге дейін кіндік шешем бар. Бижамал деген кісі, ауылда. Жасы 90-ға келген шешемді жылына бір-ақ рет көремін. Сондықтан да Сивиге түсіндіріп айтамын. Бес кіндік қызым бар, үлгере алмай жатамын”, – деп бастады сөзін Мақпал Жүнісова.

Қайда барса да бағалы сыйлығын көтеріп баратын Мақпал Жүнісова бұл жолы да әдетінен жаңылған жоқ.

“Бриллиант жүзігімді табыстадым. Өзіне ұнады. Қолына кигіздім. Ел-жұрттың көзінше бермей-ақ қояйын деп сыртта кигізе салдым”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Бауыржан Есебаев аты шыққан соң менсінбей кеткен әншілер жайлы шындықты айтты

Әріптестері жұбайынан актриса жасаған Қайратты сынап тастады

Шаршадым: Сиви Махмуди продюсерлік жобаларымен қош айтысты

Салтанат Бақаева өзін тонап кеткен үй қызметкерімен соттасқан

Талқылау