Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісованың тыңдармандары 16 жаста түскен суретіне баға берді

Мақпал Жүнісованың тыңдармандары оның16 жасында түскен суретіне баға берді. Көпшілік күтпеген жерден  әншінің жеке мұрағатындағы естеліктерді көру мүмкіндігін алған. Желіде жарияланған суреттерге қатысты түрлі қызықты пікірлер айтылған.

мақпал жүнісова

Әнші Мақпал Жүнісова  бірінші 16 жасында түсукн суретін Инстаграмдағы парақшасына салды.

«Бұл менің 16 жастағы кезімнен естелік»,-деп жазады әншінің өзі.

Тыңдармандары аздаған уақыттың ішінде  жүзге жуқ пікір қалдырған.«Қандай жап жассыз. Шашыңыз сол қалпы. Нәзік,сұлу болған екенсіз»,- деген пікірлер қалдырып жатты.

Көпшілігі әншіге жастықтың қайта оралмайтынын айтып жұбатуға тырысқан.

Бұл суретінде Мақпал Жүнісова 20 жаста.

мақпал Жүнісова 111

«Алла сізге түрді , дауысты , талантты да үйіп беріпті. Аман болыңыз. Қызыңыз Мерейдің қызығын көріңіз»,- деп жазады  Ханшайым атымен тіркелген желі қолданушысы.

Көпшілік әншінің осы суреттеріне қарап қызы Мерейдің анасына ұқсайтыны жайлы да айтқан.

Талқылау