Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекованың “тақияла періште” образы тыңдармандарына ұнап қалды

Әнші Мақпал Исабекованың жаңа “тақиялы періште” образы желі қолданушыларының көңілінен шықты. Ол қазақы нақыштағы тақияны шетелге кетіп бара жатып киген екен.

image

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші күн сайын желі қолданушыларын түрлі жаңалығымен қуантады. Бірде олардың көңілдеріне жақса, енді бірде әрекетіне бола сын астында қалып жатады. Бұл жолы ол ұлттық киімдерді қалай қастерлейтінін көрсеткісі келгендей.

“Омбыға кеттік. Мен ауада болғанша қызықты әңгімелер айтып тастаңыздар” деп жазған суретінің тұсына әнші. Желі қолданушылары әншінінің бұл ұсынысын ұмытып, суретке баға беруге кіріскен. Арасында сөз таластырып, ренжісіп жатқандар да болды.

evoljutsija-stilja-mirandy-kerr-ot-skromnitse-k-ikone-stilja_35

“Басқасын білмедім, бірақ тақияңыз керемет екен”, “Тақияңыз өзіңізге жарасып тұр”, “Басыңызға не кисеңіз де жарасады”, “Не болса да тақияны қатырған екенсіз”, “Мақпал сіз өте керемет, талантты және әр кез жаңа образымен қуанта білетін жансыз”, “Бас киіміңіз әдемі екен”, “Көзілдірігің мен тақияңа сөз жоқ” деп жазады желі қолданушылары.

Мұнымен қатар, “Мақпал, мұндай тақия қыз баласына тән емес. Оны қадірін кетірмейікші” деп сыни пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова тыңдармандарын үй киімімен таң қалдырды (фото)

Итін “өлтірген” Мақпал Исабекова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Образын жиі өзгертетін Мақпал Исабекованың шашы түсіп қала жаздады

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Талқылау