Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекованың әні «Әлемдік хит-парадта» үздік атанды

Белгілі қазақстандық әнші Мақпал Исабекова «Хабарласпа»  әнімен «МИР» радиосының «Әлемдік хит-парадында» бірінші орынға ие болды. Қазақстандық әнсүйер қауым ақпан айының қорытындысы бойынша әншіні үздік деп тапты.

14077848841788

Сурет: comode.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Музыкалық хит-парадты ұйымдастырушылар атап өткендей, әр ай сайын радиостанса сайтында дауыс беру үдерісі жүреді, онда ТМД мүше-мемлекеттері мен  Грузияның тұрғындары өз елінің үздік әнін таңдайды.

28 ақпанда радиостанса  эфиріне бірінші «Әлемдік хит-парад» бағдарламасы шықты. Онда ақпан айындағы дауыс берудің нәтижесі белгілі болды. Қазақстандық тыңдармандар үздік ән ретінде Мақпал Исабекованың орындауындағы «Хабарласпа» әнін таңдады.

1 наурыздан жаңа дауыс беру кезеңі басталатыны аталып өтілді.

Талқылау