Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабековаға ренжіген Сәкен Майғазиев “қызметінен” бас тартты (видео)

I am a Singer жобасындағы әріптестеріне ренжіген Сәкен Майғазиев шоудағы “қызметінен” бас тартты. Майғазиев дарынды жастарды келесі кезеңге өткізбей қойған Мақпал Исабекова мен Элхан Ахмедовтің әрекетіне ашуланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мақпал Исабековаға ренжіген Сәкен Майғазиев "қызметінен" бас тартты (видео)

Талас 21 жастағы Жанерке Қабатаева есімді өскемендік ару үшін басталды. Жас дарын иесі өнер академиясының үшінші курс студенті екен. Өнер майталмандары қазылық еткен байқауда Жанерке әлемге әйгілі әнші Бейонсенің Listen трегін орындады. Жанеркенің орындаушылық шеберлігі мен вокалдық қабілеті көрермендердің басым бөлігінің, сондай-ақ, Сәкен Майғазиевтің көңілінен шықты.

Төрешілердің бірі Элхан Ахмедов әлемдік деңгейдегі хиттерді орындаудың қажеті жоқ екенін кесіп айтты. Ол Жанеркенің келесі кезеңге өтуіне жол бермеді.

“Бүгін Listen-ді тыңдай отырып, бәрібір Бейонсемен салыстырдым. Дайын болмасаңыз, мұндай әндерді айтуға болмайды. Ал сіз әлі Бейонсені айтуға дайын емессіз. Мен мұны сізген музыкалық продюсер ретінде айтып отырмын. Мен “жоқ” деймін”, – деді ол.

Ал Майғазиев: “Мен жауабымды бірден айта салайын. “Иә”, – деп қысқа қайырды. Мақпал Исабекова болса Жанеркенің өнерін алғашқыда ұнатқандай болып, кейін ойынан айнып қалды. Оған Майғазиевтің:

“Сен “иә” деп айтуың керек. Керемет айтып шықты, мәдениетті орындады. Шеңберден шыққан жоқ”, – деп “қысым” көрсеткені де себеп болса керек.

“Мүмкін мен оның шеңберден шыққанын қалайтын шығармын? Мен әртіспін бе, мен жақсы ән айтуым керек. Бұл аспазды дәмді тағамы үшін немесе суретшіні әдемі сурет салғаны үшін мақтағанмен бірдей. Ол сахнаға дайын болып келу керек еді”, – деп ашынды ол.

Бұл орайда Сәкен Мақпал теріс баға берген жағдайда, жобадағы қызметінен бас тартатынын ескертті.

“Мақпал, сен жоқ десең, орнымнан тұрып кетемін. Ескертіп қояйын. Менің Жанеркемен үш қайнасам сорпам қосылмайды, менің ешкімім емес. Бірақ осыны көрмеу, естімеу – онда біздің осы жерде жай отырғанымыз болып қалады. Маған бәрібір, әрі қарай өздерің шешесіңдер”, – деді ол.

Алайда бұдан Исабекованың пікірі өзгере қоймады.

“Сіз маған қысым көрсетіп жатырсыз, олай жасамаңыз, мен қазір жылаймын. Құдай тілеуіңді берсін, бірақ бірдеңе жібермей тұр. Мен сізге бүгін “жоқ” деймін”, – деді ол.

Көңілі қалған Майғазиев орнынан тұрып, кетіп қалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Әріптестерім Элханның да, Мақпалдың да пікірін құрметтеймін. Алайда, осы @singer31kz жобасында үш қыз үшін барынша күресіп бақтым. Бүгінгі бағдарламадан соң өздеріңіз де менімен келісесіздер деген ниеттемін. Сіздерден сабырсыздығым үшін (әдейі жасаған жоқпын) алдын-ала кешірім сұраймын. Бүгін, 21:00-де 31 арнаны қосыңыздар. @singer31kz @31arna @makosyai @azamatc @saken_maigaziyev @ayana_gabdullina #show #31channel #singer31kz #singer31 #imasinger #31арна #сәкенмайғазиев #азаматсатыбалды #элxанаxмедов #аянагабдуллина #макпалисабекова #шоу #сингер2сезон

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

 

Талқылау