Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова тыңдармандарын үй киімімен таң қалдырды (фото)

Желі қолданушыларын бірде күлкіге кенелтіп, бірде сын астына қалып жүретін қазақстандық әнші Мақпал Исабекова бұл жолы тыңдармандарын өз отбасында, үйде жүрген келбетімен таң қалдырды.

«Бұл ешқандай да жасанды образ емес. «Келинка Сабинка» фильмінің де түсірілімі емес. Суреттің сол жағындағы өздеріңіз күнде көріп үйреніп қалған, әдемі көйлектегі, боянған Мақпал. Ал, оң жағындағы өз отбасында, жақындарымен бірге, туған қаласы Жаркентте жүрген Макося. Бұл екі суреттің айырмашылығы тек шүберекте ғана. Ал шүберек деген ештеңе де емес қой. Кез келген жағдайда мен өзім болып қала берем. Кейде сол үшін өкініп, кейде шаттанып жатам. Басқаша жасау қолымнан келмейді», – деп жазады ол өзінің Instagram парақшасында.

Әнші осылайша адам көркі шүберек екенін дәлелдей түсіп, отбасында өзінің өзгелер секілді қарапайым ғана ерке қыз екенін, ол да үй шаруасымен айналысатынын көрсетті.

«Жаркенттің қызы әрқашан Жаркенттің қызы болып қала береді», – деп жазады ол тағы бір сөзінде. 

Жаркенттiн кызы аркашан Жаркенттiн кызы боп калады🙌🏼❤️☺️ #Тонти #Мансур

Фото опубликовано Makpal Issabekova (@makosyai)

Расында да суреттен әншінің орамал мен алшапқыш тағып, бояусыз жүрген кезін көруге болады.

Желі қолданушылары әншіні қолдай түсіп, оның қарапайымдылығына риза болып жатыр. Қолдануышалыр оның қай кезде де әдемі екенін айтып, ақылдылығына тәнті болды.

Жіберіп алмаңыз:

Итін “өлтірген” Мақпал Исабекова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Әнші Мақпал Исабекова өкінішін жасырмады

Мақпал Исабекова бір кездері брекетінен намыстанғанын айтты

Мақпал Исабекова спорттағы мүмкіншіліктерін көрсетіп мақтанды (фото, видео)

Талқылау